тұрғылықты жерін таңдауға деген құқығы, мемлекеттен кетуі және келуі, хат
жазуы, жеке телефон арқылы сӛйлесуінің құпиялығының сақталуы, сӛз
еркіндігі, жазу және хабар еркіндігі): азаматтың кӛзқарасына және рухани
қажеттіліктеріне ерік беру: сот органдары және қоғамдық ұйымдар жағынан
азаматтар құқығын барлық жағынан қорғау.
Азаматтық қоғам
ӛзінің дамуында бірнеше сатылардан ӛтеді. Мысалы ХХ
ғасырдың басында Ресейде ӛзіндік державалық басқару формасына қарамастан
азаматтық қоғамның дамыған, ірі ӛркениетті мемлекеттерге тән формасы
қалыптасты. Бұл азаматтық қоғамның негіздері Қазан революциясы
кезінде
және тотолитарлы жүйе орнату кезінде құрдымға кетті. Кеңес үкіметі кезінде
еліміздің территориясында индустрализация науқаны басталды, бірақ оған
қажетті азаматтық қоғам аяусыз жаншылып тасталды. Азаматтық қоғам
тоталитарлы жүйемен араласып кетті. Жеке азаматтардың, әлеуметтік
топтардың мүдделері коммунистік мемлекет және утопиялық ілім мүддесі үшін
жоққа шығарылып отырды. Азаматтық қоғам мүддесін жақтаушы топтар
азаматтық қоғаммен бірге мемлекеттен шектелініп отырды. Әскери –
бюрократиялық типтегі, бұйрық арқылы басқару іске қосылды. Кеңес дәуіріне
тән қасиет – жұмысшылардың меншіктен, жұмыс нәтижесінен және саяси
биліктен аластатылуы болатын-ды. Социалистік қоғамның құқықтық және
саяси шындықтары, осы қоғамның нарықтық
постулатының принциптеріне
қарсы болды. Тағы бір мысал, бұл абсолюттік монархия, нарқытық мұнда тек
бір тұлғаның ғана іс-әрекеті үстемдік етеді. Олардың айырмашылығын
конституциясында демократиялық еркіндіктің жоқ болуынан да кӛруге болады,
яғни бұрмалаушылық ашық түрде кӛрінеді, ал негізгі мақсаттарын “соцализм
үшін” деп жүзеге асырады.
Ал дамыған, ӛркениетті капиталистік мемлекеттерге келетін болсақ, оларда
қалыптасқан азаматтық қоғам, олардың дамуына, социумына қажетті табиғи
біртұтастық болып табылады. Т. Адрио, Э. Фромм, М. Хоркхаймер, Э. Эриксон
және
басқалары:
соғыстан
кейінгі
либерал-демократиялық
жүйені
фашистендірілген дейді, яғни, бұнда авторитарлық тұлға халықтық тип болып
табылады. Адрио және оны жақтаушылардың пікірінше, саяси авторитарлы
тұлға ежелгі дәстүрге, кедейлерге еш кӛңіл аудармайды, ол тек билік пен күшке
ұмтылды. Хоркхаймер авторитарлық тұлғаны ХХ ғасырда енген жаңа
“антропологиялық”
тип деп атайды. Егер, авторитарлы
тұлға қоғамда тип
ретінде орын алып, социалистік саяси жобада ӛзінің қажеттіліктерін
қанағаттандыруға мүмкіндік алса, онда ол азаматтық қоғам қызметінің
жойылғаны болып табылады. Авторитарлық тұлғаның типіне тән, бұл
тоталитарлық жүйенің негізіндегі ерекшеліктер: консервативтік, агресивтік
ағымдар, билікқұмарлық, интелегенцияны және басқа этникалық таптардың
ӛкілдерін жек кӛру, ойлаудағы тиісті стериотип, конформизм және т.б..
Авторитарлық тұлға концепциясы қанша сынға түскенмен оның азаматтық
қоғамға қауіп тӛндіретін және ӛте кең таралған тип екенін кӛруге болады.
Азаматтық қоғам капиталистік қатынас жағдайында
оның экономикалық
базасы ретінде қалыптасады және азаматтық қоғам талабы бойынша алғашқы
шара нарықтық экономика қалыптастыру және оның негізінде қоғамдағы
барлық экономикалық қатынастарды реттеу болып табылады. Нарықтық
механизмде саясаттың экономикаға үстемдік етуі немесе заң шығарушы
органның қоғамдағы шынайы қатынастарға үстемдігі болмауы тиіс.
Экономикалық реформа азаматтық қоғам қалыптасуының экономикалық
негізін құрайды.
Азаматтық қоғам
қалыптасуының қиындығы онымен бір
уақытта демократиялық
құқықтық мемлекет
қалыптасу қажеттігімен де
байланысты. Тарихи тұрғыдан құқықтық мемлекет дамыған азаматтық қоғам
базисінде пайда болады. Демократия талабы
бойынша мемлекет қоғамның
сенімді бақылауында болуы қажет. Әрине, оған мемлекеттік қызметтің қомақты
бӛлігі, әсіресе, экономикалық бӛлігі беріледі. Осыған байланысты, азаматтық
қоғам диференцияланған әлеуметтік құрылым базасында пайда болады. Бұл
құрылымға әдетте кәсіпкерлер, фермерлер, басқа ӛндіріс құралдар иелері, еркін
мамандық иелер, сондай-ақ, ӛз жұмысшы күшін жалдаушы адамдар кіреді.
Еңбек нарқы экономикалық дамудың қажетті шартын кӛрсетеді.
Азаматтық қоғам орта тап деп атауға негізделген әлеуметтік қабатта
қалыптасады. Орта тап ӛкілдері, ӛз ерекшелігі мен маңызы бойынша, азаматтық
қоғамның идеологиялық құндылықтарын тасмалдаушы болып табылады.
Кәсіпкерлік еркіндігі мен демократиялық құқық және тағы да басқалары да
базасында бірітіндеп азаматтық қоғамның: партия, саяси қозғалыстар, кәсіпқой
одақтар, әр түрлі ассоциациялар сияқты ӛз мүшелері құқықтарын талап етуге
қабілетті маңызды институттары қалыптасады. Демек, азаматтық қоғам
қалыптастыру жолында саяси тұрақтылыққа жету үшін келісімге жету – аса
маңызды принцип болып табылады. Азаматтық қоғамды құру оның қалыптасу
процесіне қарағанда мейлінше күрделі құбылыс. Ӛйткені ең алдымен қоғамда
тоталитарлық жүйе шартындағы әлеуметтік институттар қызметінің кең
кӛлемді теріс тәжірибесі пайда болады.
Сондықтан, ӛркениетті елдердегі азаматтық қоғам қазіргі ахуалда қатаң
орныққан және басқа жағдайға ӛзгертуге қабілетсіз деп есептеуге болмайды.
Олай болса, біздің осы философиялық
талдауымыз қоғамның, мемлекеттік
биліктің қажетті ортада және тиімді формада ӛркениетті түрде жүзеге асуына,
қызмет етуіне, аз да болса ӛз септігімізді тигізу. Құқықтық мемлекет пен
азаматтық қоғамда оқта-текте орын алып отырған құбылмалы факторлар әлі де
ӛз күшін жоғалта қойған жоқ. Бұл мәселелер жас Қазақстан Республикасының
алдында тұр. Қазақстан ӛркениеті тек құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
негізінде ғана тұғырында нығайып, болашаққа қарыштап дами алады. Біз кӛп
ұлтты жас, зайырлы мемлекетпіз, бірақ біздің түп бастауымыз ӛте тереңде
жатыр. Қазіргі азаматтық қоғамның негізі сонау дәстүрлі қазақ қоғамында
қалыптасқан, демек іргетасы бар дүниені қаластыру аса қиындық туғызбауы
тиіс. Себебі біз, президент сӛзімен айтқанда жоғары ӛмір стандарттары бар
әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру
туралы алдымызға ӛршіл мақсат қойдық. Ол
мақсатқа адам әлеуетінің
белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру арқылы ған қол жеткізуге
болады деп Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сӛз сӛйледі. Елбасының бұл
сӛзінен Қазақстан алдында талай асулардың тұрғандығы анық екендігін
білдіртеді. Жоғарыда айтып ӛткендей, сонау ерте заманнан бастап, қай кезеңде
болмасын ірі ойшылдардың барлығы дерлік әділеттілікке негізделген тең
құқықты, ойлы азаматты мемлекет болуды аңсаған және осы мақсатта түрлі
тоерияларды ӛмірге әкелген, жүзеге асыруға тырысқан. Олай болса,
ӛркениеттік қалыпқа жүгінген құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды
таңдаған еліміздің бағыты құптарлық.
Достарыңызбен бөлісу: