Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет32/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet

Г.
Джефферссон
қоғамдық келісім және адамының шын мәнідегі шынайы құқығы 
тұрғысынан биліктің монархиялық формасын сынға алып, шынайы халықтық 
суверенитетті яки еркіндік пен ӛзін-ӛзі билеуін талап етеді. Джеффорсоннның 
декларациясы 
адам құқығы
болу керектігін және мемлекет алдымен осы 
принципті қорғау жолында құрылатындығын баяндайды. Декларацияда 
адам 
құқығы
және 
жеке адам құқығы
мемлекет мүддесімен қатар тұратын болады. 
Мемлекеттің жаңа доктринасы үшін, бұл тіпті ӛте тың да келелі жағдай еді, 
себебі алғаш рет адам құқығы мемлекеттік билік жүйесімен тығыз 
байланыстырылып, тікелей мемлекеттік шаруаға айналды. Демек, құқықтық 
мемлекет ӛркениетті мемлекеттің іргетасын қалайды, адам мен қоғам 
арасындағы еркін қатынасты орнатады, сонымен қатар, заңдағы заң шығару 
еркіндігінің сипаты мен қалыптасуына деген бақылауды және басқа да 
белгілерді қалайды. Азаматтық қоғам да құқықты мемлекет белгісі. Азаматтық 
қоғам азаматтың белгілі бір құқ пен еркіндікке ие болуы арқылы, ӛзін қоғамның 
жеке дара мүшесі ретінде сезініп, ӛзінің барлық іс-әрекетіне моральды түрде 
жауапкершілігін сезінетіндей жағдайға жеткенде ғана айтуға болады. 
Азаматтық қоғам
жӛніндегі тұғырнамалар жүйесі ХҮІІ ғасырдан бастап 
теоретикалық түрде қалыптаса бастады. Т. Гообс, Б. Спиноза, Ж.Ж. Руссо, Ш.Л. 
Монтеське, И. Кант, Г.Гегель, Т. Пейн осы теорияның негізін қалаушылар 
болып есептелінеді. Азаматтық қоғам жайлы тұғырнаманың қалыптасуы жеке 
еркіндік идеясымен, әрбір жеке тұлғаның ӛзіндік құндылықтарының 
қалыптасуымен тығыз байланысты. Феодализмнің тұсында қоғам туралы 
түсінік: қоғамдық ӛмірдегі маңызды институттар (меншік, жанұя, еңбек ұжымы 
т.с.с.) феодалдық иемдену, сословие, цехтік бірлестік түрінде кӛрінді және 
осылардың 
нәтижесінде 
феодалдар 
мемлекеттік 
ӛмірдің 
статустық 
элементтерін иемденді. Нақ осылар арқылы жеке адамдардың мемлекеттік 
ұйымдарға деген қатынасы айқын кӛрінді. 
Буржуазиялық қоғамның ерекшелігі стратификакцияның саяси және 
әлеуметтік түрде бӛлінуінде де ерекшеленді. Бұл стратфикация азаматтық 
қоғамдағы жеке адамның құқықты статусын, оның әлеуметтік-экономикалық 
мәнінен бӛледі және оны бір уақыт ішінде әрі жеке тұлғаға, әрі қоғам 
азаматына айналдырады. Жеке мүдделер, жалданбалы еңбек және құқық ӛрісі 
саяси бақылаудан босатылады. Мұра болып қалатын барлық сословиелік 
жеңілдіктер ӛз күштерін жоғалтады. Бірінші орынға әлеуметтік қозғаушы 


күштердің тәуелсіз бӛлігі ретіндегі жеке адамның табиғи қабілеттері мен 
еркіндігі қойылады. Азаматтық қоғам экономикалық және мемлекеттік 
құрылым арасында орналасқан, сондықтанда ол тұтас жүйелік әлеуметтік және 
рухани аймақтардың жиынтығын құрайды. Дамыған азаматтық қоғамның ең 
маңызды 
базасы, 
ХХ 
ғасырда 
басталған 
ӛнеркәсіптегі 
ӛркениет, 
машиналандырылған ӛнеркәсіп және осыларға байланысты еңбекті бӛлу 
жүйесі, экономикалық қатынастықтың негізгі формасы болып табылатын еркін 
нарықтық қарым-қатынастар.
Азаматтық қоғам, мемлекет және оларды құратын күрделі институттар, әр 
түрлі әлеуметтік күштер мен кӛзқарастардың арасындағы үйлесімділікке жету 
үшін құрылған. Қоғамдық келісім, әсіресе, құқықтық мемлекеттің нормасымен 
арадағы межені кӛрсетеді. Басқаша айтқанда, жеке тұлғалардың бір-бірімен 
күресін бұзушы потенцияның мығымдылығы кез-келген адамдар бірлестігінің 
кӛп және аз мӛлшердегі ӛмір сүру ерекшелігіне, олардың бірлігінің мәніне 
байланысты. Соның ішінде, мәселен, бір-біріне ұқсайтын элементтердің 
біркелкілігінің маңызында ғана емес, оларды құрайтын адамдар, әлеуметтік 
топтар, қарым-қатынастар, сонымен қатар, олардың айырмашылығы, кӛп 
түрлілігі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет