ғана бӛлігін аламыз. Егер де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең
аудиториямен, микроортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бӛлігі ретінде
қабылданатын болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен
таласта тӛтеп бере алса, онда ол осының бӛлігі болып қалыптасады. Әрі қарай
қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке-дара
мәдениетіне ажырамас бӛлік ретінде енеді, процесс қайталана береді.
Мәдениеттің икемділігі, оның қоршаған ортаға бейімделу және ӛзгеру
қабілеті кӛбінесе мәдени үлгілердің негізін құратын жаңа идеялардың айналу
жылдамдығына байланысты. Алғашқы және маңызды элемент – танымдық,
белгі-нышандық элемент, яғни қандай да бір түсініктер мен ойларда
қалыптасқан,
тілде
айқындалған
білім.
Тіл
-
адам
тәжірибесін
шоғырландырудың, сақтаудың, жеткізудің объективті нысаны. Тіл нақтылы
мәндермен үйлестірілетін белгілер мен нышандардың жүйесі болып табылады.
Белгілер мен нышандар қатынас жасау барысында басқа ілімдердің ӛкілдері
ретінде кӛрінеді, олар туралы ақпараттар жеткізу мен ӛзгерту, алу мен сақтау
үшін қолданылады. Белгілер мен нышандар әрқашан нақтылы мәнге ие болады.
Адамдар белгілер мен нышандардың мәнін түсінуді білім беру процесінде
игереді. Дәл осылар оларға айтылған мен жазылғанның мәнін түсінуге
мүмкіндік береді.
Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық ӛзара байланыста қандай да бір
нақтылы нысанда қызмет атқарады, оны субмәдениет деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: