табиғатты, қоршаған ортаны ӛз бетінше тануы ілімнің жинақталуына алып
келеді. Білімі жоғары, атақ-даңқы, дәрежесі, мәртебесі бар кейбір
азаматтарымыздың әліпті әріп деп танымайтын әже-аталарымыздан ілімділік
жағынан кем түсуі әбден мүмкін. Демек ілім білімді, білім ғылымды туғызады
және бұлар бір-біріне қызмет етеді. Бұл турасында атақты грек философы
Сократ:
«ақиқатты шындық жақсымен жаманды ажырата алған ілім, бұл
екеуін бойына тоғыстыра алған адам ғана игілік пен ӛмірілік бақытқа жету
мүмкіндігіне ие бола алады»
- деген ой айтады. Үш негізгі ілім ретінде Сократ
тӛмендегілерді атап ӛтеді.
Аздылық немесе әлсіздік [құштарлықты қалай ояту керек туралы
ілім];
Ӛжеттілік [қауіптіліктен қалай құтылу керек туралы ілім];
Әділеттілік [адамдық және құдайлық заңдарды қалай сақтау қажеттігі
туралы ілім]
– деп бӛле отырып, тек қайырымды, білім алуға қабілеті, құштарлығы бар
адамдар ғана білім алуға міндетті дейді. Ал шаруа және басқа да жұмысшы
адамдар ӛзін танудан аулақ, олар тек денемен қатынасты ғана біледі және соған
қызмет етеді. Егер таным ақылдылықтың белгісі десек, онда осы адамдардың
ешқайсысы ӛзінің бір ғана жұмысы немесе қолӛнері арқылы ақылды бола
алмайды. Жұмысшы, қолӛнерші, егінші, яғни барлық демостың /құлдарды
айтпағанда/ білім алу мүмкіндігі жоқ - дей келе, білім мен ғылым тек ізгілікке
ғана жұмыс істеуі қажет деп қазіргі заманның асқынған ауруына ем табады. Ал,
хакім Абай болса,
«сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»
деп,
қоғамда немесе мемлекетте әрбір жеке адамның ӛзіне тиесілі орны бар, оның
мақсаты сол тиесілі орынды адаспай табу және бір-бірінің ісіне араласып
кедергі жасамау екендігін баса айтады. Тоқтаусыз салынып жатқан
құрылыстың дұрыс немес бұрыс болуы, әрбір кірпіштің ӛз кетігін дұрыс тауып
қалануынан. Ал адасқандар мемлекет ісін үлкен кедергілерге ұшыратып, жан-
жағындағы адамдарды да дұрыс жолдан тайдыруы әбден мүмікін. Сондықтанда
адамға ғана тән қабілеттілік, интуиция, ынта-жігер, ең бастысы таңдау еркіне
зерек болу, дәл бүгінігі күні аса қажет. Құндылықтың басты нышандары
болатын білім, ғылым, салт-дәстүр, ӛнер, дін, діл, тіл сынды кӛптеген ұғымдар
ған адамзатты мәдениетті етіп кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: