Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет31/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#91797
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Байланысты:
nuradin-madeniet

ақыл заңына
жауап беретін жаңа құқық керек. Мемлекеттің басты мақсаты әрбір азаматқа ӛз 
мүлкін пайдалануға ерік беру және оларды барынша қорғау. Кез-келген 
мемлекет формасының бастауы Гроций пікірінше, қоғамдық келісім болып 
табылады, сондықтан халық басқарудың кез-келген формасын таңдауына 


болады, бірақ халық, таңдағын билеушісіне сӛзсіз бағынуға міндетті. 
Мемлекеттің формасын ӛзгерту, тек екі жақтық келісім арқылы ғана іске асады. 
Гроций ұсынған теория, таза ӛркениеттік сипатта. Ӛркениеттік басқару салтын 
ұстанған елде “таңдау құқығы” ӛте жетілген болуы керек. Сонымен қатар, әрбір 
ӛркениетті елдің адамы ӛзінің қызметтік, қоғамдық орнын білуі және ӛзіне 
жүктелген жұмысын орнықты, мүлтіксіз атқаруы тиіс.
Голланд философы 
Б. Спиноза
– келешектегі заңмен байланысты шынайы 
құқық пен адам ӛрлеуін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекетке 
теоретикалық анықтама берген. Ол, егер, мемлекет әр азаматқа ӛмірін сақтауға 
кепілдік беріп қана қоймай, оның басқа да мүдде-мақсаттарын қанағаттандыру 
арқылы оның ӛзіндік істеріне қолын сұқпаса, тек сонда ғана құдіретті мемлекет 
болмақ деп сындарлы пікір айтты 
(Спиноза Б. Избранное сочинении. - М., 1957. -Т.2. – 
207-209 бб.). 
ХҮІІ ғасыр ойшылы
Т. Гоббс
, Англиядағы абсолюттік монархияны ерекше 
жақтаушы, осыған қарамастан кейіннен буржуазиялық революцияның 
ойшылдары жалғастырған қоғамдық ӛмірдегі құқықтық мәртебеліктің бірнеше 
прогрессивті жағдайларын қарастырған. Оның қатарына заң алдындағы 
формалды теңдікті негіздеу, шарттардың орындалуы жатады. Гоббс 
адам 
бостандығы
туралы адам мен заңмен шектелмеген кез-келген нәрсені жасауға 
құқылы деген идеяға негіз салады және қоғамдық келісімдерді реттеу 
принциптеріне байланысты теоретикалық бағдарлама жасады.
Джон Локк
феодалдық қоғамға қарама-қарсы буржуазиялық қоғамдағы 
құқықтың түсініктерін нағыз классикалық түрдегі жақтаушысы болады. 
Адамның шынайы еркіндігін қорғауға құрылған мемлекет, Локк бойынша, жеке 
меншікті қорғауға пайдаланады. Осындай мемлекет жеке меншік құқығын, әр 
адамның еркіндігі мен теңдігін қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекет 
жағдайында адам еркі, деп жазды Локк, заң шығарушы билік шығарған 
жалпыға бірдей заңға сәйкес болады, бұның мәні әр адамның ӛз еркіне 
байланысты, заңмен шектелмеген кез-келген мұқтаждығын қамтамасыз етуіне 
қақысы бар деген ұғыммен терең астасып жатыр.
Ш.Л. Монтеське,
құқықтық мемлекетті қалыптастыруды азаматтық 
қоғамда саяси бостандықтың қажеттілігімен түсіндірді. 
Саяси бостандық
идеясы
мемлекет тарапынан азаматтардың қауіпсіздігіне орай қалыптасатын 
азаматтар бостандығы идеяларымен тікелей байланысты. Биліктің 
зияндылығын шектеу үшін барлық азаматтардың заңды қатаң сақтауы қажет. 
Монтескье бойынша 
"Бостандық"
дегеніміз, заңда бекітілгеннің бәрін қолдану 
құқығы, егер азамат заңда тыйым салынған істерді жасаса, онда бостандық 
болмайды, ӛйткені мұндай істі басқа азаматтар атқарып, бірін-бірі шектеп, 
қалыпқа келтіріп отырулары керек. 
(Азаркин Н.М. Монтеське. – М., Юридическая 
литература. 1988. - 115б.).
Бұл саяси-құқықтың теориясындағы маңызды идея. 
Кейіннен бұл идея тәжірибе жүзінде ӛркениетті елдерінің мемлекеттік 
құрылысынан кеңінен кӛрніс тапты.
Д. Дидро
, мемлекеттік биліктің құқықтық бастауы қоғамдық келісім шарт 
арқылы орнаған суверенитетке негізделеді деп санайды. Мемлекеттік билік, 
оның ойы бойынша қоғамға ұйымдасқан саяси түр беретін, қоғамдық келісім-


шарттың "басты азығы" рӛлін атқарады. Адамдар тек анда-санда ғана негізгі 
мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, еріктері мен күштерін біріктіру мақсатында 
шынайы тәуелсіздіктерін мемлекетке сеніп тапсырыды. Мемлекеттік билік 
суверенитеті халық еркіне негізделген: «тек ұлт қана шынайы суверениетті: 
шынайы заң шығарушы тек қана халық, тек халық еркі ғана саяси биліктің 
негізі болады. Мемлекеттің басты мақсаты азаматтардың бұлжымас заңды 
құқығын және бақытын қамтамысыз ету». Дидроның бұл идеялары Канттың 
құқықтық мемлекетке қатысты теориясында тамаша философиялық негіздемеге 
ие болды.
Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі Декларациясының авторы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет