тамшысын, сонан соң оған микроб өсіндісін тамызады. Зат шынысын 180°-қа аударып,
жамылғы
шынысындағы тамшыны шұнқыршаны ортасына бағыттай отыра, төмен түсіреді. Сонан соң зат шынысын
бастапқы қалпына келтіреді. Мұндай препаратта тамшы жамылғы шынысының ішкі бетінде асылып тұрады,
басқаша айтқанда, тамшы герметикалық жабылған дымқыл камерада ілініп тұрады. Бұл
препаратмикробтардың жылжымалылығын көп уақыт аралығында бақылауға мүмкіндік береді. Препарат
шамалы қараңғыланған көз шалымында (диафрагманы тарылтады) зерттеледі. Бұл блялмаған формалардың
көрінісін айқындата түседі.
«Қысылған» тамшыны кәдімгі зат шынысының бетінде дайындайды. Бұл үшін оның микробтардың
бір
тамшысын тамызып, жамылғы шынысымен жабады. Дайын препарат жоғарыда аталғандай көз
шалымында тексеріледі. Микробтардың қозғалыс реакциялары (таксистері)
химиялық заттармен
(хемотаксис), молекулалық оттегімен (аэротаксис), жарықпен (фототаксис), электр тоғымен (электротаксис),
сумен (гидротаксис) және т.б. бір жақты тітіркендіру әсерінен пайда болады. Оң таксисте қоғалыс
тітіркендіргіштерге бағытталады (жақындайды), теріс таксисте керісінше бағытта байқалады.
Микробтардың жылжымалылығын зерттегенде нағыз қозғалысты
микробтар бір орында тұрып,
қоршаған ортаның молекулаларының әсерінен тербеліп тұрады немесе сұйықтықтың ағысы бойынша
жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: