Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Микроорганизмдердің мөлшерін анықтау



Pdf көрінісі
бет22/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Микроорганизмдердің мөлшерін анықтау.
Халықаралық бірліктер жүйесі бойынша (СИ)
микробтардың өлшем бірлігі ретінде микрометр (мкм) бекітілген. 1 мкм 10
-6
метрге тең. Жасушаны объектілі
және окулярлы микрометрлердің көмегімен өлшейді.
Объектілі микрометр.
Бұл 100 бөлшекке бөлінген 1 мм сызғышы бар зат шынысы (әр бөлік 10
-5
метрге немесе 100 мкм-ге тең). Объектілі микрометр окулярлы микрометрдің бір бөлігінің мөлшерін
анықтау үшін қолданылады.
Окулярлы микрометр 
шкаласы бар дөңгелек табақтың формасындай болады. Шкаланың ұзындығы 5
мм. Ол 50 бөліктен тұрады. Окулярлы микрометр тікелей объектілердің (микробтардың) мөлшерлерінен
анықтайды. Оны окулярдың линзаларының ортасына бөліктерімен төмен қарата орналастырады. Ол үшін
көз линзасы бұралып алынады. Объективті микрометрді зат үстелінің үстіне орналастырады да, фокусты
тауып, микрометрлердің шкалаларын бір-біріне сайма-сай келтіреді. Иммерсионды жүйемен істегенде
объективті миркометрге бал қарағайдың майын тамызады.
Окулярлы микрометрдің бір бөлігінің мөлшерін анықтау.
Мысал: объектілі микрометрдің 5 бөлігі
окулярлы микроскоптың 30 бөлігімен сайма-сай келеді. Окулярлы микрометрдің бір бөлігінің мөлшері 1,66
мкм-ге тең болады (5х10=50 және 50:30).
Әдебиеттер:
1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық
медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
нұсқауы. Астана, 2005ж. 20-22 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва,
«Агропромиздат». 1988. С. 34-38. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по
ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 32-34.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет