Ыстық құрғақ ауамен стерильдеу тәсілдері. Жалында күйдіру арқылы бактериологиялық
инелерді, пинцеттерді және басқа да темірден жасалған заттарды стерильдейді.
Қыздырылған құрғақ ауамен стерильдеу жұмыстары арнайы кептіргіш шкафтарда жүргізіледі (12
сурет). Кептіргіш шкаф екі қабатты металдан жасалған. Оның сырты асбестпен немесе басқа ыстыққа
төзімді, жылу жібермейтін материалмен қапталады. Шкаф ішіндегі ауа электр энергиясының немесе басқа
жылу көзінің көмегімен қызады. Стерильдеу үрдісі 140
0
С-тан төменгі температурада жоғарылаған сайын,
стерильдеу мезгілі азая береді (140
0
С – 2 сағат, 170
0
С – 45минут). Жанғыш заттарды, қоректік орталарды,
резеңкеден жасалған бұйымдарды ыстық құрғақ ауамен стерильдеуге болмайды.