3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
4
1. Критериалды бағалау жүйесі
5
2. Бағалау қағидаттары
6
3. Бағалау үдерісін ұйымдастыру және
жоспарлау
8
4. Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу
13
Пайдаланылған әдебиет
32
Глоссарий
35
4
КІРІСПЕ
«Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша «Бағалауға
арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін
арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша «Назарбаев
Зияткерлік
мектептері» Дербес Білім беру Ұйымының материалдарының негізінде әзірлеген осы
«Мұғалімге арналған нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) мұғалімдердің біліктілікті
арттыру курсы барысында және одан кейін де өзінің оқыту тәжірибесінде пайдаланатын
оқу құралдарының бірі болып табылады. Біліктілікті арттыру курсының басты мақсаты
мұғалімдердің пән бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды
әзірлеуіне және
сараптама жасауына әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Нұсқаулық бағдарламаның мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерді,
бағалау
процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдерін, оқушылардың оқу жетістігін
бағалау, бағалау тәсілдері мен қағидаттары, бағалау үдерісі туралы ақпаратты қамтиды
және бағалауға арналған тапсырма әзірлеу мен оларға сараптама жасауды үйренуге
көмектеседі. Нұсқаулықта тапсырма әзірлеуге қатысты практикалық ұсыныстар мен
бағалауға арналған құралдарды құрастыру кезінде кездесетін әртүрлі мәселелерді
шешуге көмектесетін пайдалы кеңес берілген.
Нұсқаулық «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы»
пәндері бойынша
«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасымен (бұдан әрі – Бағдарлама)
қатар қолданылады.
Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалау
тапсырмаларын әзірлеу және сараптама жасау саласында
педагогтердің кәсіби
шеберлігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
1) бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін
көрсету;
2) бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын
көрсету;
3) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.
Оқу нәтижесі:
1) мұғалімдер бағалау құралдарын әзірлеу және
сараптама жасаудың негізгі
тәсілдерін біледі және түсінеді;
2) бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау дағдыларын
қолданады;
3) оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданады.
Курста оқу барысында түрлі тапсырмаларды әзірлеуге, оларды көрсетудің әртүрлі
тәсілдерін қолдануға, әзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық
әдіс-тәсілдерін
жетілдіруге, тест сұрақтарының дұрыс жауабы мен дистракторларды
шеберлікпен құрастыруға, тапсырма мен тест сұрақтарының
мазмұнын талдай білуге
және пән бойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс таңдай білуге назар
аударылады.