Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет4/53
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92401
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих

Қалыптастырушы бағалау
оқудың бір бөлігі болып табылады және оқу үдерісінің 
өн бойында жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім:
- оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдіс-
тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;
- қандай бағалау тәсілдері оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік 
беретінін шешеді;
- қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады; 
- оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады, мысалы, ауызша 
сауалнамалар, оқушылардың топтық әрекеттері, тапсырманы өз бетінше орындау, 
тақырыптық зерттеулер, рөлдік ойындар ұйымдастыру және оны қадағалау арқылы. 
Мұғалім оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс бере отырып, оқушыларға пәнді 
меңгеру мен түсінуде көмекші болу арқылы олардың оқудағы алға ілгерілеуді қадағалайды, 
сонымен қатар бағалау критерийлеріне сәйкес объективті көзқарасты ұстана отырып
оқушыларды оқуға ынталандырады. 
Оқушыны дамытуда қалыптастырушы бағалаудың мәні зор, сондықтан ол оқу 
үдерісіне қатысушылардың барлығына түсінікті де анық, оқушыны жетістіктерге 
ынталандыратын сипатта болуы тиіс. 
Жиынтық бағалау
оқушының жазбаша тапсырманы, емтихан немесе жобаны өз 
бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Оқушының кез келген жиынтық немесе 
қорытынды жұмысы өзге біреулердің қатысуынсыз орындалады және белгіленген оқу 
мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады. 
Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі оқушылардың 
жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға 
мүмкіндік береді, өйткені мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қай 
мақсаттар бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін бағалауы тиіс. Осы арқылы 
оқушыны оқытудың дербес бағыт-бағдары немесе оқушылардың оқу жетістіктері 
бағаланады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет