Байланысты: 52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих
Дескрипторларды құрастыру Дескриптор –
тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.
Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды
өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойынша
жиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.
Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы
орындау кезіндегі әр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны бойынша
сенімді және жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті,
дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.