Байланысты: 52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих
Бағалауға арналған тапсырма әзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар Құрастырылған тапсырманың анықтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты)
шектейтін негізгі фактор болып табылады. Ол бағалаудың негізгі қағидаларын
(негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі.
Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы
қолдану ұсынылады.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері
деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын
белгі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін
сипаттама.