Ашық тапсырмалар
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі танымдық дағдыларды тексеруге, аргумент
келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық
тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше
сөздерден (қысқа жауап) толық аргументативті пайымдауларға (толық жауап) дейін
өзгеруі мүмкін.
Қысқа жауапты
қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір
сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа
нақты жауап беруі қажет.
Толық жауапты
қажет ететін тапсырмаларда бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі
сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып
орындауы қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар нұсқаларының бірі эссе болып
табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы ғана тексеріліп қоймайды, сондай-
ақ, берілген сұрақты немесе мәселені әр түрлі көзқараста қарастыру, берілген
тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын аргумент түрінде келтіру,
мәселені шешудің жолдарын ұсыну және т.б. меңгеруі тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |