21
Осылайша жауаптардың көрсетілген ретіне байланысты дұрыс жауапты болжап табу
мүмкіндігі шектеледі. Мысалы, жауап нұсқалары сөзден басталатын болса,
онда олар
әлипби ретіпен орналасады. Егер жауап нұсқалары саннан басталса, онда өсу/кему
ретімен орналасады. Егер бір қарағанда екі нұсқа бір-біріне ұқсас болса, онда
оқушылардың салыстыруына ыңғайлы болуы үшін оларды бірінен кейін бірін тізбектеп
орналастырған дұрыс.
Тапсырма құрастыру алгоритміне сәйкес көп таңдауы бар тапсырма құрастырғанда
тапсырманың сұрағы мен дистракторларды құрастыруға дейін оның кілтін –
дұрыс
жауабын дайындап алу ұсынылады. Бұл тапсырманың нақты дұрыс жауабының бар
екеніне кепілдік береді. Жауап нұсқаларын оқушылар дистракторларды қандай да бір
белгісі бойынша анықтай алмайтындай етіп, өте мұқият құрастыру қажет.
Дистракторлар өтілген материалға сәйкес
болуы және шындыққа жанасымды,
бірақ дұрыс емес жауап болуы тиіс. Дистракторларды қолданудағы басты мақсат – оқу
материалын жеткілікті меңгермеген оқушылардың зейінін шоғырландыру.
Әдетте «жақсы» дистрактор оқушылардың жиі жіберетін қателерінен тұрады,
мысалы, ғылыми негізделген «ақылды» сөздер, тапсырманың сұрағындағы терминдер,
т.б. Егер дистракторды үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі
таңдаған болса, онда
оны жақсы құрастырылған деп есептеуге болады, ол оқушыларды дайындық деңгейіне
қарай саралауға мүмкіндік береді. Ал егер дистракторды білім деңгейі жоғары
оқушылардың басым бөлігі таңдаған болса, онда дистрактордың сапасының төмендігі
немесе тапсырманы құрастыруда қате жіберілгені туралы білуге болады. Егер
дистракторды бірді-бір оқушы таңдамаған болса, онда дистрактордың қате
құрастырылғаны туралы
қорытынды жасауға болады; оны қайта құрастыру қажет
Достарыңызбен бөлісу: