Қолдану деңгейіне берілген тапсырма Бұл негізгі және өте маңызды тапсырмалар; олар өте қысқа немесе керісінше,
бірнеше әрекеттен тұратын күрделі тапсырма болуы мүмкін. Мұндай тапсырмалардың
негізгі мақсаты – оқушыға жаңа білімді қолдану қажет болатын өмірлік жағдайға сәйкес
келетін балама жағдаят тудыру. Мұндай тапсырма бірнеше нұсқа жауабы ұсынылған
мәтін арқылы берілуі мүмкін. Мұнда бастысы – нақты жағдаятты сипаттау және бірнеше
әрекеттің арасынан өмірде орын алуы мүмкінін таңдау.