Тақырып Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай-тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата07.02.2022
өлшемі374,13 Kb.
#92630
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
қазақ съездері өткізілді

Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ 
қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар
олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің 
одақтастары менқарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде 
Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленеді. Съезд 
жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, 
М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. 
Соның арқасында съезд шешімдерінде «Алаш» қозғалысының бағдарламалық талаптары 
өз көрінісін тапты. 
Сонымен қатар, байырға қазақ жұртшылығының түрлі топтарын біріктіріп
олардың аттарын анықтау мен шешу мақсатында Торғай съезі Бүкіл қазақ съезін 
шақыруға қаулы қабылдап, оны шақыру мен бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін 
ұйымдастыру бюросын сайлады. Оның құрамына Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған 
қазақ ұлт зиялыларының белгілі тобы енді. Съезд осы жылы мамыр айында Москвада 
өткізуге тиіс болған Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегаттар сайлады. 
1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы ресейлік мұсылмандар съезі 
болып өтті.Съезде ұлттық-территориялық федеративті негіздегі демократиялық 
республика ұлттық автономия құру мәселелері қаралды. 


Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси 
өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе олардың жергілікті 
ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық 
қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге 
қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері «Алаш» партиясының 
әлеуметтік негізін құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет