Материалдары



Pdf көрінісі
бет15/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

ЖҤЙЕСІ 
ЖАҒДАЙЫНДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Қартбаева Ж.Ж., Ҧлықова А.К. 
348 
 
 
 


 
 



АЛҒЫ СҾЗ
Аса қадірлі ғалымдар мен зиялылар, біздің Баишев 
университеті Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында 
ҿткізіп отырған «Ҧлы даланың ҧлы есімдері: Жалаңтҿс 
баһадҥр 
жҽне 
тҥркі 
дҥниесі» 
атты 
халықаралық 
конференцияға 
хош 
келдіңіздер! 
Халықаралық 
конференцияның университетте ҿтуінің де ҿз себебі 
бар.Себебі, Жалаңтҿс бабамыз ҿз заманының аса білімді 
адамы болған. Ол бес жасынан бастап оқып, медресе 
бітірген. 1590 жылы Бҧхар хандығының жоғары дҽрежелі 
қолбасшылардаярлайтын ҽскери мектебіне тҥсіп, оны 
жақсы тамамдап шыққан. Алғыр да зерек Жалаңтҿсті хан 
кеңесі 1595 жылы Бағдат қаласының жоғары мектебіне 
оқуға жібереді, оны 1598 жылы ҥздік бітіреді. Сҿйтіп, 
Жалаңтҿс 
бабамыз 
ел 
басқару, 
саясат 
тану, 
жаратылыстану, сҽулет ҿнері тарабында жоғары деңгейлі білім алған жҽне ол білімді іс жҥзінде шебер 
пайдаланған дана адам болып қалыптасады.Ел билеу мен соғыс ісінде айрықша дарынымен кҿзге тҥскен 
Жалаңтҿс батырды Бҧхар ханы 1618 жылы мемлекеттің бас қолбасшысы, хандықтың ішкі тҽртібін 
қадағалайтын жҽне шет елдермен қарым-қатынас жасау жҿніндегі бас уҽзірі етіп тағайындайды. Мҧндағы ҥздік 
істерімен дараланған Жалаңтҿс, 1626 жылы Бҧхар хандығына тҽуелсіз Самархан аймағын қҧрып, оған ҽмір 
болды.1644 жылы Пҽкстан, Ауғанстан, Ҥндістан аумағын билейтін Моғол империясы мен Бҧхар хандығы 
арасында соғыс басталды. Жалаңтҿс баһадҥр Кабул, Мешхедті басып алды. Бабырдың ҧрпағы Жаһан шаһтың 
екі баласы басқарған моғол ҽскері Балх тҥбінде ауыр жеңіліс тапты. Жалаңтҿстің шебер ҽскери қолбасылығы, 
саясатқа жетіктігі, адамгершілік тҧлғасы бҧл елдерде аңызға айналды. Жауының ҿзі оны қадір тҧтты. Академик 
Е.М.Массон Пҽкстан, Ауғанстан, Тибет,Ҥндістаннан оған жіберіліп тҧрған сый-сияпаттың мҿлшері хан 
қазынасынан асып кетті дейді. 
Қазақтың айрықша талантты перзенті туған халқын да естен шығарған жоқ. Ҽсіресе, Қазақ Ордасының даңқты 
ханы Салқам Жҽңгірмен тығыз байланыста болды. 1640 жылы жоңғарлардың Батыр қонтайшысына қарсы 30 
мың қолмен шығып, 50 мыңдық қолды талқандады.1643 жылы Жалаңтҿс баһадҥр Жетісу ҿлкесіне басып кірген 
жоңғарларға қарсы Орбҧлақта шайқасып жатқан Салқам Жҽңгір ханға 20 мың қол бастап кҿмекке келеді де,
соның арқасында қазақтар қалмақтарды ойыстыра жеңеді. 
Баһадҥр билеген кезеңде Самарқан – Орта Азиядағы 
ең қауіпсіз қала болды. Оның абыройы парсыларды жеңгеннен кейін одан ҽрі асқақтады.Ол ҽр жорығынан алып 
қайтқан байлығын ҽскерін кҿбейтумен қатар қаланың ҿркендеуіне де жҧмсады. Жалаңтҿстің тікелей 
басшылығымен салынған Самарқанда бесжҥз жылдық тарихы бар медреселер мен діни дҽрісханалар бар.
Жалаңтҿс қазіргі Ҿзбекстанның негізгі туристік нысаны Регистан ансамблін салдыртты. Регистан – 
Самарқанның басты тарихи нысаны. Ресми деректерге сҥйенсек, Самарқанға келетін қазіргі туристердің 92 
пайызы міндетті тҥрде Регистанды аралайды екен. 
Осындай атағы шығыс пен батысқа кеңінен мҽшһҥр болған 
даңқты бабамызға қатысты бҥгін Сіздер ҿткізгелі отырған Халықаралық конференция жҧмысына сҽттілік 
тілеймін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет