ҚАЗАҚСАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КҾКЕЙТЕСТІ МҼСЕЛЕЛЕРІ Колдасов Берик Серикович «Қҧқықтану» кафедрасының оқытушысы
Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университеті, Ақтау, Қазақстан Телефоны, e-mail
87073298582 berik.koldasov@bk.ru Аннотация . Қазіргі заманда қай мемлекеттің ұрпақтары білімді болса сол халықтың болашағы бар деген сөз. Тарих көрсеткендей білімсіз ғылымсыз адам, қоғам дамымай құлдырап, азғындыққа салынады. Білім бұл нұр білімсіз ұрпағы көп мемлекеттің болашағы қараңғы демекші, қазіргі таңның өзекті мəселелерінің бірі бұл білім беру жүесінің даму деңгейінің төмендеуі. Технологиялардың дамыған заманында білім берудің жаңаша əдіс тəсілдерін қолдану мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Қазақстанда білім беру жүйесі айтарлықтай жетілдірілмеген, жыл сайын белгілі бір мамандықты бітіріп шыққан студенттер саны артып жатыр бірақ та олардың сапасы ақсап жатыр. Мұның себебін балалардың сонау мектеп қабырғаларында алған білім сапасынан бастасақ қате болмас. Біздің ойымызша, мектеп түлектерінің төмен деңгейі үлкен проблема болып табылады, бұл жоғары оқу орындарында білім алу кезінде белгілі бір қиындықтарға əкеп соғады.