Материалдары



Pdf көрінісі
бет257/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Кілттік сӛздер
:құзыреттілік, оқу-əрекеті, проблема, жеке тұлға, мұғалім. 
ХХI ғасырдағы ҿркениетті дамудың талабы, ҽлеуметтік-экономикалық ҿзгерістер, білім берудің 
ҿндірісті қамтудан мҽдени-шығармашылық мҧратқа қарай ойысуы, ҥздіксіз білім алу қажеттігі, ҧлттық жҽне 
жалпы адамзаттық қҧндылықтарға бетбҧрыс қазіргі қоғамның бойында биік кҽсіби шеберлігі жоғары, 
адамгершілік қасиетпен ҧштасып жататын шығармашыл тҧлғаларды қалыптастыруды талап етеді. 
Адамның тҧлғалық қалыптасуы-кҥрделі жҽне ҥздіксіз процесс. Тҥйіндеп айтқанда, ол белгілі бір оқу орнын 
бітірумен шектелмейді. Себебі ғылым даму ҥстінде болады, ҿзінің қызмет саласына байланысты 
жаңалықтармен ҧдайы хабардар болу қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасының ХХI ғасырда даму стратегиясы жан-жақты білімді пайдасы болатындай етіп 
кеңейтуді, білім беру жҥйесін жаңғыртуларды кҿздеп отыр. Осыған орай мемлекеттік Қазақстан 
Республикасының гуманитарлық білім беру тҧжырымдамасында: «Жаңашыл жастар игеруге міндетті жеке 
сапалар, шарттар жҽне тҧспалдар: ҿз ойын логикалық тҥрде жеткізе білу, дҽлелді пікірталас жҥргізе алу, 
қажеттілік пен ҿз білімін жетілдірумен ҧштастыру» делінген [1]. Бҧл талап жеке тҧлғаға білім беруде 
педагогикалық міндеттер мен қағидалар маңыздылығын кҥшейтеді. Олардың шешімі ең алдымен оқу ҥрдісінің 
мазмҧны мен ҧйымдастырылуына, субьект пен педагогикалық ҥрдіске қатысушылар ҽрекетінің стиліне 
байланысты. 
Қазіргі кезде қоғамның ҽлеуметтік-экономикалық ҿміріндегі тҥбірлі ҿзгерістерге байланысты білім 
жҥйесіне жҽне оның мазмҧны мен оқыту технологиясына да кҿптеген жаңалықтар енуде. 
Бҥгінгі кҥнгі ҧрпақ ҿз таңдауына шексіз мҥмкіндік туған заманда ҿмір сҥріп жатыр. Бҥгінгі оқушыны дҧрыс 
таңдау жасау, ҧтымды шешім қабылдау, сондай-ақ ҿзінің ҿміріндегі ҿзгерістер ағымына икемделу қабілетіне 
байланысты ҿмір сҥру талабы кҥтіп тҧр. 
Мектептегі білім беру міндеттерінің бірі-оқушыны шынайы ҿмірге дайындау. 


307 
Білім беру жҥйесінің алдында оқушыны ойлануға, қай жаста болмасын алдынан шығатын тҥрлі проблеманы 
шешуге қажетті ҽрекет тҽсілдеріне ҥйрету міндеті тҧр. Қазіргі мектепті философтар адамзаттың ҿзіне-ҿзі қойған 
қақпаны деп айтып жҥр. Мектеп бітірушінің 3%-і ғана жоғары деңгейдегі шығармашылық білімге негізделген 
ҿнім қҧруға қабілетті. Мектеп тҽжірибесінде оқушыны тапсырманы орындаушы ретінде тҽрбиелеу басым бағыт 
алып отыр. Ол оқушының ҿз бетімен ойлануына, ҿзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп , білім алуға деген 
қызығушылығын тҿмендетеді.
Сондықтан бҥгінгі таңда еліміздің білім жҥйесін, оқыту ҥрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмҧнмен 
қамтамасыз ету міндеті тҧр. Жалпы орта білім берудің ҧлттық деңгейдегі басты мақсаты-Қазақстан 
Республикасының ҽлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси ҿміріне белсенді араласуға дайын, қҧзіретті 
тҧлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Қҧзіреттілік-оқушының ҽрекет тҽсілдерін жан-жақты игеруінен кҿрінетін 
білім нҽтижесі. 
Онда білім беруден кҥтілетін нҽтиже проблеманың шешімін табу немесе ҿзіндік менеджмент, ақпараттық 
жҽне коммуникативтік деп аталатын негізгі қҧзіреттіліктер тҥрінде берілген. 
Проблеманың шешімін табу немесе ҿзіндік менеджмент қҧзіреттілігі: 
-тҥрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, ҿз шешімінің нҽтижесін бағалауға; 
-ҿз ҽрекетіне мақсат қоя білуге, оны жҥзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға, оған жету процесін 
жоспарлауға жҽне ҧйымдастыруға; 
-ҿзіндік тҧжырым жасауға, ҿзіндік бағалауға, ҿз ҽрекетін бағалауға; 
-тҥрлі жағдайда ҿзінің шамасын білуге; 
-қойылған міндетті орындауға технология таңдай білуге мҥмкіндік береді. 
Ақпараттық қҧзіреттілік: 
- ақпаратарды сыни тҧрғыдан негізінде саналы шешім қабылдауға; 
-ҿз бетімен мақсат қоюға жҽне негіздеуге, осы мақсатқа жеткізетін танымдық ҽрекеттерін жоспарлауға жҽне 
жҥзеге асыруға; 
-ақпаратты ҿз бетімен табуға, талдауға, таңдауға, ҿңдеуге, сақтауға, интерпретациялауға жҽне қазіргі 
ақпараттық-коммуникативтік технологияның кҿмегімен жеткізуді жҥзеге асыруға; 
-логикалық операцияларды (анализ, синтез, жинақтау, қҧрылымдау, тікелей жҽне қосымша дҽлелдеу, 
салыстыру, модельдеу, ойша эксперимент жҥргізу, материалдарды жҥйелеу) қолдана отырып, ҿз ойын 
дҽлелдеуге мҥмкіндік береді.
Коммуникативтік қҧзіреттілік: 
-нақты ҿмірлік жағдаяттарда қазақ немесе басқа тілде ауызша жҽне жазбаша тҥрлі коммуникативтік 
қҧралдарды қолдануға; 
-коммуникативтік міндеттерді шешуде стиль жҽне жанрды таңдай білуге, қолдана білуге; 
-ҿзінің кҿзқарасын этикет нормаларына сҽйкес жеткізуге; 
- ҿзара ҿнімді іс-қимылды, оның ішінде басқа да кҿзкарас пен бағыттарды ҧстанатын ҿзге ҧлт ҿкілдерімен 
қарым-қатынас диалогына тҥсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жҥзеге асыруға; 
-жалпы нҽтижеге қол жеткізу ҥшін тҥрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мҥмкіндік 
береді [1].
Оқушы тҧлғасына жоғарыдағыдай қҧзіреттіліктерді қалыптастыру оқытудың интерактивті ҽдістері арқылы 
жҥзеге асады.
Интерактивті оқыту танымдық іс-ҽрекетті ҧйымдастырудың арнайы формасы, мҧнда оқу процесінде барлық 
оқушылар танымдық қызметке тартылады, оларға бҧрынғы білетінін жҽне ойын айтуға, рефлексия жасауға 
мҥмкіндік беріледі. Танымдық процесс негізінде оқушылар бірлесе жҧмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты 
бірге меңгереді, бҧл процеске ҽрбір оқушы ҿз ҥлесін қосады, білім, идея, тҽжірибе, іс-ҽрекет тҽсілдері алмасады 
[2].
Бҧл мейірімділік, ізгілік, бір-біріне кҿмек беру жағдайында жҥзеге асып, оқушылардың жаңа білім алуына 
ғана ҽсер етіп қоймай, олардың коммуникативтілік қабілеттерінің дамуына да ҽсер етеді. Олар басқа 
адамдардың ойларын тыңдауды, ҽр тҥрлі кҿзқарастарды саралап, бағалауды, пікір таласқа тҥсуді, бірге шешім 
қабылдауды ҥйренеді. 
Интерактивті оқыту мҧғалімнен қажетті методикалық жҽне психологиялық білім мен іскерлікті қажет етеді. 
Мысалы, оқу процесіндегі барлық қатысушыларды талдауға жҧмылдыру, оқушылардың психологиялық 


308 
дайындығын қамтамасыз ету, жҧмыс этаптарын уақытпен белгілеу, негізгі тҥсініктерді визуализациялауды 
ҧйымдастыра алуы қажет. Интерактивті оқыту ҽдісін қолданатын мҧғалім осы талаптарға сай болуы, яғни 
ҥйренуі керек . «Интерактив» сҿзі ағылшынның «interact», «inter»-бҧл «бірге», «act»-ҽрекет ету деген сҿзінен 
шыққан. Интерактивті-бір-біріне ҽсер ету немесе сҿйлесу тҽртібінде болу, бір нҽрсемен (компьютермен) немесе 
біреумен (адаммен) диалогта болу. Демек интерактивті оқыту дегеніміз мҧғалім мен оқушы арасында қарым-
қатынасты қалыптастыратын диалогты оқыту. «Интерактивтің» ҽдістердің негізгі сипаттамасы қандай? Оның 
нақты жҽне болжамдалған мақсаттары болады. Сондай мақсаттардың бірі оқытудың оңтайлы (камфортные) 
жағдайларын жасау, яғни бҧл жағдайда оқушы ҿзінің табысты еңбек етуін, интеллектуальды тҧрақтанғанын 
сезінуі қажет, бҧл оқыту процесін ҿнімді етеді [3].
Интерактивті оқытудың мҽні-барлық оқушылардың танымдық процеске тартылуымен, оларға ҿздерінің 
білетіні мен ойларын тҥсінуге жҽне ол туралы толғанысқа тҥсуге мҥмкіндік тудыратындай етіп 
ҧйымдастырылған оқу процесі. Оқу материалын меңгергенде, танымдық процеске араласқанда оқушылардың 
бірлескен жҧмысы олардың ҽрқайсысының жеке ҥлес қосуымен, білім, идея, іс-ҽрекет ҽдістерімен алмасуымен 
сипатталады. Ол тілектестік жҽне ҿз ара сҥйеу жағдайында ҿтетіндіктен жаңа білімді алып қана қоймай, 
танымдық іс-ҽрекетті дамытып, оны кооперация мен бірлестіктің жоғары формаларына кҿтереді. Сабақтағы 
интерактивті іс-ҽрекет диалогтық қарым-қатынасты ҧйымдастыру мен дамытуға, ҽр қатысушыны маңызды 
міндеттерді бірлесіп шешу ҥшін бір-бірін тҥсінуіне, бірлесіп жҧмыс жасауға ҽкеледі. Интерактивті оқыту бір 
сҿйлеушінің екіншісінен, сол сияқты бір ойдың екіншісінен басымдығын болдырмайды. Оқушылар диалогтық 
ҽңгімелесу нҽтижесінде сыни ойлауды ҥйренеді, бар ақпарат пен жағдайларды талдау негізінде кҥрделі 
мҽселелерді шешеді, баламалық пікірлерді салыстырады, ойлаған шешімдерді қабылдауды, пікірлесе алуды, 
басқа адамдармен қарым-қатынасқа тҥсуді ҥйренеді. Ол ҥшін сабақта жеке, жҧппен, топпен жҧмыстар 
ҧйымдастырылады, зерттеушілік жобалар, іскерлік ойындар қабылданады, ҽр тҥрлі ақпарат кҿздерімен жҽне 
қҧжаттармен жҧмыс жасалынады, шығармашылық жҧмыстар қолданылады [4]. 
Интерактивті оқытудың формалары немен ерекшеленеді? Қазіргі уақытта мҧғалімдер жҽне ҽдіскерлер ҿз 
тҽжірибелерінде топтық жҧмыстың кҿптеген формаларын пайдаланады. Олардың ішіндегі ең белгілілері: 
«Ҥлкен шеңбер» (Большой круг), «Зырылдауық» (Вертушка), «Аквариум», «Миға шабуыл», «Дебат». Егер 
оқушыларда бҧрыннан сабақта немесе тҧрмыстық тҽжірибеде қалыптасқан алғашқы кҿзқарастары бар мҽселе 
тҧтас талданса бҧл формалар тиімді болады. Талданылатын тақырыптар жабық немесе тар кҿлемде болмауы 
керек. Мысалы, ҧрлық жасағанда қандай жаза беру керек немесе салық ҿлшемі қандай болу керек деген 
тақырыпты топтық талдаудың маңызы жоқ. Талданатын мҽселе деңгейі тар сҧрақтардан мҽселені кең кҿлемде 
талдауға кҿшетіндей болғаны маңызды. Қоғамтанудың қҧқықтық аспектілерін талдағанда, топтық талдау 
объектісі ретінде даулы заң шығаратын норманы (мысалы, баламалық ҽскери қызмет), соттың шешімі немесе 
қҧжат (Азаматтық, Жанҧялық, Еңбек, Қылмыстық, Қылмыстық-іс жҥргізушілік кодекстерден ҥзінділер) 
қарастыруға болады. Бҧл жағдайда оқушылар бірлесіп қҧқықтық нормалардың немесе соттың шешімінің 
адамдардың қҧқықтарын жҽне еркіндіктерін қорғаудың халықаралық стандартына сай екенін шешеді. 
Топтық іс-ҽрекеттің қарапайым тҥрі-«Ҥлкен шеңбер». Жҧмыс ҥш этапта жҥреді.
Бірінші этап. Топ ҥстелдерде ҥлкен шеңберде отырады. Мҧғалім мҽселені қҧрастырады.
Екінші этап. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) ҽрбір оқушы жеке-жеке ҿзінің қағазында мҽселені шешу 
жолдарын жазады.
Ҥшінші этап.
 
Шеңбер бойынша ҽрбір оқушы ҿз ҧсыныстарын оқиды , топ ҥндемей тыңдайды, сын 
айтылмайды, ҽрбір пункт бойынша дауыс беріледі де оны жалпы пунктке қосу, қоспау мҽселесі шешіледі. 
Жалпы шешім тақтаға жазылады. Бҧл форма бойынша заң жобасын немесе нҧсқаулар, локальды нормативтік-
қҧқықтық актілерді жасағанда қолданылады.
«Аквариум»-диалог формасы «қоғам алдында» балаларға мҽселені талқылауды ҧсынады. Аз топ мҽселе 
бойынша диалогты жҥргізуді кімге сеніп тапсыратынын таңдайды. Кейде бҧл талап білдірген бірнеше адам 
болуы мҥмкін. Қалған оқушылар кҿрермендер ролінде болады.
Бҧл ҧйымдастыру ҽдісі оқушыларға не береді? Ҿздерінің замандастарын сырттан бақылау мҥмкіндігін, яғни 
олар қалай қарым-қатынас жасайды, басқаның ойына қалай қарайды, конфликтіні қалай шешеді, ҿз ойын қалай 
дҽлелдейді т.с.с.
Практикада интерактивті оқуды жҥзеге асыру ҥшін маңызды қажет жағдай-интерактив бойынша тренингтік
сабақтарға қатысу. Басқаша айтқанда мҧғалімнің оқытудың белсенді ҽдістері мен тҽсілдерін ол формаларға 
ҿздері қатыспай меңгеруі мҥмкін емес. Оқытудың белсенді ҽдістері туралы кҿптеген ҽдебиеттерде жазылғанмен 
оны ҥйрену адамның ҿзінің ойынға, миға шабуыл немесе пікірталасқа тікелей қатысуымен ғана жҥзеге асады. 


309 
Интерактивті технологиямен жҧмыс жасағысы келген мҧғалімдерге интерактивті оқытуды ҧйымдастырудың 
бірнеше ережесін есте сақтау керектігін айтқымыз келеді.
Бірінші ереже


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет