Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет124/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
126
Жобалық іс-әрекеттің басты ерекшелігі – ақпарат іздеу. Ол кейін өңделеді, 
зерделенеді және жобалау тобының қатысушыларына ұсынылады. 
Жоба бойынша жұмыстың нәтижесі өнім болып табылады 
Кешенді және көп мақсатты әдіс ретінде оқыту жобасының түрлері де көп. 
Жобадағы іс-әрекет түрінің басымдылығына қарай олар: 

тәжірибелік бағытты; 

зерттеушілік; 

ақпараттық; 

шығармашылық; 

рөлдік болып бөлінеді. 
Жобаға қатысушылар санына қарай: 
-
жеке-дара 
-
топтық болады. 
Ұзақтығына қарай: 
-
шағын жобалар (1 сабақ көлемінде орындалады); 
-
қысқа мерзімді (3-4 сабақ); 
-
орта мерзімді; 
-
ұзақмерзімді болып бөлінеді.
Отандық және шетелдік педагогтар мен психологтардың пікірлерімен 
келіспеуге болмайды. Олардың пайымдауынша «жобалық оқыту сыныптық-
сабақтық жүйені ығыстырып тастамау керек, оны «оқытудың тура және жанама 
түрлеріне» қосымша ретінде қолданған жөн». 
Жобалық технологияның тиімділігі мен 7-10 жасар оқушылардың жас 
мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны мектептік оқытудың бастауыш 
буынында қолдана бастаған жөн. Соған байланысты жобалау әдісінің 
ерекшеліктері мен оны бастауыш мектеп оқушыларымен ұйымдастырудың 
нұсқаларын қарастыру қажет. 
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген «Көркем еңбек» 
пәні оқу бағдарламасының «материалдар және шығармашылық жұмыс 
техникалары» бөлімшесіндегі «әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, 
өздігімен таңдалған материалдарды 
(табиғи және жасанды)
және құралдарды 
қолданып, эксперемент жүргізу» мақсатын жобалық технология арқылы жүзеге 
асыруға болады. Тапсырма: табиғи материалдардың қандай түрлерін және қай 
жерлерде қолдануға болатынын анықтау; табиғи материалдарды қолданып 
ойыншықтар жасау. 
Мысалы: оқушылар жаңғақтар туралы мәліметтер жинайды. 
-
жаңғақтардың түрлері (грек жаңғағы; орман жаңғағы; жер жаңғағы; 
самырсын жаңғағы т.б.); 
-
олардың өсетін жерлері, өсуіне қажетті жағдайлар; 
-
көркем еңбекте қолданылуы (қандай бұйымдар жасауға болады). 
Самырсын жаңғақтарын аңдардың аяқтарын, орман адамдарын жасау 
барысында қолдануға болады. Бұл жаңғақтарды бізбен тесуге болады, жеңіл 
желімденеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет