«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
129
8
«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРІ БОЙЫНША
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ
Бағалау – оқытудың тиімділігін арттыратын ықпалды шаралардың бірі.
Бағалау мақсаты: білім алушылардың оқу уәждемесі мен оқу дербестігін
арттыру; білім алушылардың теориялық және практикалық білімнің,
олардың
оқу жоспарының міндетті компонент пәндері бойынша білігі мен дағдысының
нақты деңгейін белгілеу; білім алушылардың білім сапасын арттыру.
Білім берудің жаңартылған мазмұндағы стандарты тек білім мазмұнын
саралау принциптеріне ғана емес, білім алушылардың білімін бағалау жүйесіне
де әсер етті. Білім беру стандартында көрсетілген маңызды ережелердің бірі
бағалаудың әділдігін арттыру қызметі болып табылады. Қазіргі мектепте білім
алушылардың жұмысын бағалаудың критериалды
тәсілі кеңінен танылған,
себебі осындай тәсіл ең алдымен процеске қатысушылардың барлығына
зерделенген материалды меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік беретін кері
байланысты жүзеге асыруға көмектеседі. Кері
байланыс мазмұнды болған
сайын, оған реакция конструктивті болуы мүмкін. Критериалды бағалау – бұл
өлшемшарттар бойынша бағалау, яғни оқушылардың оқу-танымдық
құзыреттілігін дамытудың әр түрлі бағыты
бойынша олардың жетістігін
көрсететін баға құраушылардан (өлшемшарттардан) құрылады.
Критериалды бағалау жүйесі білім беру процесіне қатысушылардың
барлығына әр оқушының оқудағы жетістіктерін қадағалап отыруға,
сонымен
қатар мұғалімге:
-
сапалы нәтижелер алуға жағдай жасайтын критерийлер әзірлеуге;
-
өз іс-әрекетін жоспарлау және талдау үшін қажетті ақпаратты меңгеруіне;
-
оқыту сапасын жақсартуына;
-
әр оқушының тұлғалық қабілеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып
оқытудың тұлғалық траекториясын құруына;
-
бағалаудың түрлі тәсілдері
мен құралдарын қолдануына;
-
оқу бағдарламасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жасауға
мүмкіндік береді.
Білім алушыларға:
-
оқудың түрлі әдістерін, ойлау әрекетінің түрлерін және өз түсінігін айту
қабілеттерін дамытуына;
-
өзінің оқу нәтижелерін және жетістіктерін болжау және түзету үшін
бағалау критерийлерін білуі және түсінуіне;
-
өзін және достарын бағалай отырып рефлексияға қатысуына;
-
білімін нақты мәселелерді шешуге қолдануына, өзінің түрлі
көзқарастарын айтуына, сыни ойлауына жағдай жасайды.
Ата-аналарға:
-
өз баласының білім деңгейінің нақты дәлелдерін алуларына;
-
бала оқуының үдерісін қадағалауына;
-
оқу үдерісі барысында балаға қолдау көрсетуіне;
-
мұғаліммен және мектеп әкімшілігімен кері байланыс жасауларына;