Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет131/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

 
 
 
 
 
 


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
133 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Ұлағатты ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың 
«Мұғалім қандай болса
,
мектеп те 
сондай»
деген сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз – ертеңгі 
болашақтың кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, 
өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр.
Ұстазға қойылатын басты талап – ақпараттандырған жан-жақты, 
дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сапалы білімге жету 
жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, 
қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт. 
Жаңартылған білім мазмұны негізінде білім жүйесінің жаңа болмысы 
қалыптасуда. Білім берудің әдіс-тәсілдері түбегейлі өзгеруіне байланысты 
инновациялық процестің қарқындылығы артуда. Бүгінгі күннің талабы – 
ұстаздық әрекеттің жеке тұлға дамуына жағдай туғызуы. Осыған орай білім 
беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген, алдыңғы қатарлы 
оқыту әдіс-тәсілдері арасында кіріктірілген оқытуға негізделген әдіс-тәсіл кең 
таралып отыр.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушының сапалы 
және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс 
істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып 
отырған кезде бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, 
олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі 
тұр. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын 
қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін 
арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемдіктер - салыстыру, 
талдау, жинақтау, жүйеге келтіру пәнді оқытуды өн бойында жүзеге асыруға 
болады.
«Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, 
бәсекеге қабілетті халық үшін!» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – 
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік 
беретін аса маңызды құралдың бірі» - делінген. Немесе бұл орынды пікірді 
Елбасымыздың тағы бір: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – 
азаттығымыздың алдаспаны» - деген пікірімен жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой 
жарыстыратын емес, ой жарыстыратын ғасыр екендігін ескерсек, сол ғасырда
үздік оқытудың үлгісі бола алатын көшбасшы, ұлттың зияткерлік әлеуетін 
арттыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтатын жаңартылған білім мазмұны 
мәнмәтініндегі кіріктірілген оқу бағдарламалары бірден-бір тиімді құрал 
болып табылады. Жалпы кіріктірілген білім бағдарламасы, ондағы оқушыларды 
критериалды бағалау - заман талабына сай шәкірт білімін дәл айқындауға 
мүмкіндік беретін әмбебап бақылау жүйесі. 
Әдістемелік құралдың міндеті мұғалімдердің кіріктірілген пәндерді оқыту 
процесінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ тарауларда келтірілген 
негіздерді нұсқаулық ретінде пайдалана білулеріне көмектесу.
Қорыта келе, мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет