Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 33 байланыстырады. Неғұрлым SAR көрсеткіші аз болса, соғұрлым
телефоныңыздың зиянды сәуле бөлу деңгейі де төмен. Мәселен, кейбір ұялы
телефон түрлеріне тоқталсақ: Nokia 3130 – 1,24 Вт/кг., Nokia 6210 – 1,19 Вт/кг.
Есіңізге сақтаңыз!
Ұялы телефондар жүйке жүйесіне әсер ететіндіктен балалардың ұялы
телефон қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану
ұсынылмайды/.Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша
ұялы телефонның мидан алыс болуы қамдалуы керек.Ұялы телефон арқылы
қысқа сөйлесу әдетке айналуы керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS
жүйесі қолданылуы керек. Ұялы телефондардың ең көп радиация тарататын
кезі – телефон шырылдаған кез және сіз терген нөмірге байланыс құрған кезі.
Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды
ашқаннан 1-2 секундтан кейін құлаққа жақындатқан дұрыс [6].
Келесі «Су, оның музыкада, әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі»
бөлімінен сабақтың қысқа мерзімді жоспарында қазақ тілі сабағының физика
пәнімен кіріктірілу мысалы берілген.
Сабақтың тақырыбы:
Су–тіршілік көзі Сабақтың мақсаты: Тәжірибелік жұмыс орындау арқылы судың
қасиеттерін анықтайсыз, айтылым барысында өз ойыңызды дәлелдейсіз. Аудио
материалдағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін түсініп сұраққа жауап бересіз.
Кілт сөздер: Араластыру, мөлдір, дәм, ащы, тұщы, еру, құм қиыршықтар,
шөгеді, еру, жабысу, жұғу, ағу, түссіз, сұйық.
1-
тапсырма: «Дубайдағы субұрқақ» бейнебаяны бойынша өз ойыңызды
білдіре отырып сабаққа болжам жасаңыз.
2-
тапсырма: «Кім көп біледі?» ойыны. «Судың адам өміріндегі маңызы
қандай?» деген сұраққа 1,5 минут ішінде көптеген айғақтар табыңыз. Қай
топкөп жазғандығын анықтаңыз.
3-
тапсырма. «Судың қасиеттері» тәжірибелік жұмыс. Берілген заттарды
қолдана отырып судың түсін, пішінін, дәмін, күйін, иісін анықтап, өз
ойларыңызды практикалық жұмыс арқылы дәлелдеңіздер.
4-
кесте – Тәжірибелік жұмыс парағы
Іс - әрекет
нәтиже
1-
практикалық жұмыс
2-
практикалық жұмыс
3-
практикалық жұмыс
4-
практикалық жұмыс
Дереккөзі:Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен Қажетті заттар :Әр топқа шыны ыдыс су, сүт, қасық, қант, топырақ, тұз
беріледі.