Мысалдары
Дұрыс
Бұрыс
Өлең жанры
1
лирика
2
поэма
Кейіпкері
1
ақынның өзі
2
ақын қиялындағы бейне
Ақын не дейді?
1
Өзін мадақтайды
2
Өзін сынайды
Көркемдеу тәсілдері
1
аллегория
2
метафора
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
30
Шеберлігіңді шыңда!
Төмендегі сызба бойынша өлең жолдарын құрастыр.
______________________балаң
_____________________далам
_______________________
______________________Мағжан
Есіңе сақта.
М. Жұмабаев өзін айбатты арыстанмен, жүйрік тұлпармен, жарысқан
желмен, түпсіз терең теңізбен, нұрын шашқан күнмен, жалындаған отпен
теңеген өршіл ақын. Ақынның өмірге деген құлшынысын, өр тұлғасын өзіңе
үлгі етуге тырыс [5].
«Ғылыми жаңалықтар мен технология» бөлімінен ұсынылып отырған
сабақтың қысқа мерзімді жоспарында мәтінмен жұмыс түрі көрсетілген.
Тақырыбы:
Ұялы телефон туралы не білесің?
Сабақ мақсаты: Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтердегі
негізгі ойды күнделікті өмірмен байланыстырады.
Кілт сөздер:сым, өнертапқыштар, байланыс, жалғыз нүкте, қолданыс аясы,
көмекші.
Мәтінмен танысып төмендегі тапсырмаларды орында!
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер
мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың
көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл
жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы,
өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына
береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда
болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің
өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы
күнделікті қолданып отыр.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы
1973
жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының
қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-
Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен
алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу
хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның
салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық
станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң
|