Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет26/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
26

іс-әрекет рефлексиясы. 
Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
1.Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы. Оны мұғалім 
оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін 
қолданады. 
Аяқталмаған сөйлем әдісі (тезис).
Бүгін мен...................... білдім. *................. қызықты болды. *.......................... 
қиын болды. *..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін 
түсіндім. * Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім. 
*Мен..................................... білім алдым. * Мен....................................... үйрендім. 
*.......
.......................... менің қолымнан келді. * Мен ......................жасай алдым.* 
Мен.................. жасап көруге талпынамын. *.................. мені таңқалдырды. * 
Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді. 
Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.
2. Сабақ мақсатына жету рефлексиясы. Сабақ мақсаты тақтаға жазылып, 
сабақ соңында талқыланады. 
Think wane (синквейн) «5 жолды өлең» әдісі. 
Бірінші жол – тақырып атауы;
Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен; 
Үшінші жол – осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен; 
Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты; 
Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын. Бұл жұмыс түрінде әр оқушы 
өз ойын, алған әсерін білдіреді.Сонымен қатар, оқушының оқып отырған 
тақырыпқа қатысты іс-әрекетін анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны 
түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. 
«Плюс, минус, қызықты». 
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген 
ойларын жазады. «Қызықты» деген бағанға сабақ барысында өздерін 
қызықтырған немесе көбірек білгісі келетін ақпараттар туралы ойларын 
жазады. 
3.Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы. 
Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген: 
«Пейзаж–көңіл күй айнасы»әдісі.
Әр оқушыға табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға 
суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
Оқушыларда екі карточка: «көк» және «қызыл». Мұғалім сабақ басында 
және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл 
күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады. 
4. Іс-әрекет рефлексиясы. Жеке жазба жұмыс рефлексиясы. Бұл жұмыс 
сабақтың соңғы кезеңінде қорытынды ретінде жүргізіледі. Өткізу түрі – шығын 
шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба. 
«Жеделхат» әдісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет