Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет28/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
28
Мысалы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Кіріктірілген білім 
бағдарламасы бойынша білім алатын 8-сынып оқушыларына арналған Қазақ 
тілінен оқу кешенінен (Т2) сабақтар үлгісін ұсынамыз. Екінші тіл ретінде 
оқытылатын 8-ші және 4-ші сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарда өнер 
мен әдебиет кіріктіріліп берілуі нақты көрсетілген: 
Сабақтың тақырыбы: 
Өнер және әдебиет. Мағжан Жұмабаев «Мен кім?».
Оқу мақсаты: Берілген ақпарат көздерінен қажетті материалды таңдап ала 
білу, өз пікірін айту, мәселеге баға беру. 
Сабақтың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңін оқу. 
Ақынның кім екенін білу.
Кілт сөздер: жұмақ, тамұқ, айбат, көңілге алсам, ғарышқа асамын, 
жалынмын, күл болсын көк, жемірілсін жер, табынамын. 
Қызығушылықты ояту.
«Сен кімсің» деген сұраққа «биопоэма стратегиясы» арқылы жауап іздеп 
көр. Өзің жайлы жаз, жазғандарыңды жұпта талқыла, сыныпқа оқып бер. 
Биопоэма жазу талаптары:

өзіңді 4 сын есіммен сипатта; 

ең жақсы көретін нәрселерің туралы айт;

басыңнан қандай сезімдер өтті? 

неден қорқасың? 

қандай жетістіктерің бар? 

басыңнан өткізгің келетін нәрселерің туралы айт. 

мекенжайыңды көрсет.
1-
тапсырма. Өлеңді оқып шық, асты сызылған сөздердің мағынасын 
түсіндір. 
Мағжан Жұмабаев «Мен кім».
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?
Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді. 
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет