Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет56/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
53 
Практикалық жағдаятты талдау немесе жасау барысында бірқатар міндетті 
талаптарды есепке алу маңызды: 

жағдаят мазмұны шынайы оқиғалар мен фактілерді көрсетуі
қарастырылып отырған тақырыпқа, мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктеріне 
сәйкес келуі тиіс; 

ұсынылған жағдаятта проблеманы шешу педагогтердің қолынан келуі
оны жеңу тілегін оятуы және табыс сезімін бастан кешіруі тиіс. 
Жоғарыда берілген белсенді оқыту әдістері шынайы өмірден алынған және 
ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, 
күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Белсенді оқу білім, дағды және 
көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласын қамтып, оны оқу процесінің 
мақсаты деп санауға болады. 
Үй тапсырмасын мұғалім күрделі түрде, жаттығуларды, сұрақтар мен 
тапсырмаларды оқушы орындай алатындай, анықталған мөлшерде бере алады. 
Мысалы, мұғалім оқушыға ол орындай алатын он тапсырма береді.
Күрделі тапсырма:
1) баланың өз келісушілігі болады, ол бір көргеннен тапсырманың 
қиындығын бағалайды; 
2) балалар әртүрлі тапсырмаларды орындайды, олардың өзара 
тапсырмалар алмасуына қосымша мүмкіндік туады; 
3) өз тапсырмаларын таңдай отырып, оқушы басқаларын оқиды, оның ой-
өрісі дамиды, өзіне ұсынылған тапсырмалардан да көп біледі. 
Сонымен, шынайы педагогикалық процесте оқытудың белсенді, 
дамытушы әдістерін тиімді пайдаланған жөн. 
Жұптық жұмыс: «Иә, бірақ…».Бұл жұптық жұмыс оқушының айтылым 
дағдысын жетілдіруге негізделген. Әрбір айтылған ойды «Иә, бірақ…» деп 
жоққа шығарып отыру оқушыдан сыни тұрғыда ойлай алуды және танымдық 
қабілеттің жоғарылығын талап етеді. Дәлелді жоққа шығару үшін нақты 
дәйектеме айту қажеттілігі оқушыны ойландыра түседі, өз пікіріне сендіруге 
үйретеді. 
Оқушы телебағдарламаға өзі қоятын бірнеше талаптарды жазады. Қойған 
талабының бірін таңдап, жұбымен талқыға салады. Мысалы:«Бағдарлама 
қызықты болу керек» дейді, жұбы «Иә, бірақ…» деп оның ойын жоққа 
шығарып отырады. Қатысушылар орын ауыстырады. 
«Өзгерісті тап» ой сергегінің орындалу жолдарын қолдану. Оқушыларды 
етіс түрлеріне қарай топқа бөлу.Оқушылар топқа бөліну ретімен орналастыру. 
1-
топ: өздік 
2-
топ:өзгелік 
3-
топ: ырықсыз 
4-
топ: ортақ 
Мысалы:тыңдалым тапсырмасы .«Сауда» тақырыбындағы мәтінді тыңдап, 
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді
«Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет