Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ 54 Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.
2. Дәлел.
Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
3. Мысал.
Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
4. Қорытынды
Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.
Ойлаудың алты қалпағы
«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.
«Сары қалпақ»киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.
«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды.
«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.
«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша креативті, жаңа идеялар
айтады.
«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасайды. Айтылым
тапсырмасы
« Екі жақты сауда қатынастары» мәтіні негізінде «Ойлаудың алты
қалпағы» әдісі арқылы өз ойларыңызды айтыңыздар, өзгенің пікірін
бағалаңыздар.
«ПОПС» формуласы
1. Бірінші сөйлем
«Менің ойымша, ... » 2. Екінші сөйлем
«Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » 3. Үшінші сөйлем
«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдейаламын … » 4. Соңғы сөйлем
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...». Оқылым тапсырмасы. Мәтінді оқып, сауда туралы өз ойларыңызды жүйелі
жеткізіп, пікір айтып, бағалаңыздар. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыздар.
Оқушылардың оқу белсендігін арттырып, әрі сабақта оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалауда тиімді әдістердің бірі Блум таксономиясын қолдану.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935
жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен
бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады.
«Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами
мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын
жүйелеу.
Таксономия– белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар бойынша объектіні
жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын
ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына
және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен
жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық
процесінің қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді
әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістерінің мәні – оқушыларды кәсіби