Біріншіден
, әлемдік медиа жүйесінің даму тенденциялары қазіргі қазақ журналистикасына елеулі
түрде ықпал етіп келеді. Нәтижесінде, БАҚ жүйесінде, оның туындыларының мазмұнында,
жанрларында, жазу шеберліктерінде елеулі өзгерістер пайда болды. Дүниежүзілік демократиялық
журналистика дәстүріне бет бұрушылық көрініс тауып келеді.
Екіншіден
, қазақ баспасөзі либертариялық журналистикаға қатты бой ұрып кетпесе де, белгілі
деңгейде жасалып жатқан оң қадамдар баршылық. Алайда, шешімін таппаған мәселелер де баршылық.
Үшіншіден
, қазақ журналистикасының 100 жылдан астам тарихи даму дәстүріндегі озық үлгілерін
сақтай отырып, оны қазіргі заман талаптарымен сабақтастырып дамытуға мерзімді баспасөз саласы
жіті назар аударып келеді.
Төртіншіден
, Қазақстанда БАҚ сан жағынан аздық етіп тұрған жоқ. Алайда, қоғамдағы ақпараттық
сұранысты қамтамасыз етуге келгенде артта қалушылық байқалуда. Ұлттық және коммерциялық
телеарналардың бәрі дерлік кешкі жаңалықтар шығарылымдарында бір ғана оқиғаны, жалғыз
синхронды алма кезек қайталаудан аса алмай отыр. Сондықтан, саннан сапаға көшуді қолға алатын
уақыт жетті [5].
Әрине, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы қайшылықтарға толы, күрделі болса да қазіргі
өркениет үшін оның алар орны, маңыздылығы ерекше. Қазақ журналистикасы да жаһанданудың
әсерінен цифрлық жаңаша үрдістерге бет бұрып, қалыптасып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |