Мадимарова Г.С., Сүлейменова Д.Н., Жәнібек Е.Т. КАРЬЕРЛЕРДЕ ЖЕРСЕРІКТІК НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП ГЕОМОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ Аңдатпа. Бұл мақалада координаталарды анықтаудың жерсеріктік жүйесі мен олардың нәтижелерін геодезия саласында қолданылу әдістемесі қарастырылған. Геомеханикалық мониторингта ғаламдық позиционирлеу жүйесін қолданудың негізгі үш бағыты бойынша жүргізілетіндігі туралы баяндалады. Түйін сөздер:геомониторинг, жерсеріктік, навигациялық жүйе, базалық станса, карьер, деформация, ғаламдықпозициялау жүйесі (GPS). Ғылым мен техниканың соңғы 10-15 жыл ішінде қарқындап дамуы геодезия мен маркшейдерияға
координаталарды анықтаудың жер серіктік жүйесі атты жаңа әдісін дүниеге әкелді. Жер серіктері
арқылы алынған координаталарды геодезистер кезкелген уақытта пайдаланып, тұрған жерінің орнын
анықтай алады.
Сөйтіп, 20 ғасырдың соңында дүниеге келген ғылым мен техниканың маңызды жетістіктерінің бірі
– Ғаламдықпозициялау жүйесі (GPS-GNSS). Ғаламдық позиционирлеу жүйесін геомеханикалық
мониторингта қолдану 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі [1].
Бірінші бағыт – карьерлерде геодезиялық тірек торларын құру және карьер беткейлері
таужыныстарының жай-күйін мониторингтауда қолданылады (1-сурет).
Екінші бағыт – жербеті жылжуларын мониторингтауда және коммуникацияларды түсірімдеуде
қолданылады.