48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет118/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
Молдабеков Ж. Ж. 
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ 
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ 
Аңдатпа. Қазақстандық дамудың өзіндік жолын, оның құрылымдық моделдерін ұсыну, осы 
бағыттағы саналы, жүйелі ізденістер қоғамдық қажеттіліктен, ұлттық дамудың ішкі ресурсынан 
туындауда. Қоғамдық сұранысқа білім, ғылым және тәрбиедегі ұсыныстардың нақтылануы – оқу 
жүйесін қарқындатты, оның өкілдерінің келбетін ажарлай түсті.
Түйін сөздер: идея, адам, қоғам, дәстүр. 


140
Қазіргі ұрпақты өз халқының бірлігі мен тарихи жетістіктерінің мирасқоры, сақтаушысы және 
жалғастырушысы ретінде сезінудің мәні зор. Мақсат – тәуелсіз жас елдің біріккен қозғаушы күш-
жігерін қалыптастыруға, Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығын қоғамдық келісім арқылы 
сақтауға қуатты ықпал ету. Маңызды бастамалар – қоғамдық өмірді демократияландыруда; саяси-
экономикалық реформалардың халықтық қолдауы мен сенімін арттыруда; азаматтық қоғам тарихы мен 
бүгінгі ұлттық мәдениет деңгейінің арақатынасын айқындауда; ел тұрғындарының құндылығымен 
рухани бірлігін - «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік» жүйесін жоғарылатуда; халықтың мәдени, 
тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген идеологиясын дамытуда айқындалуда. Әзірге қордаланған 
осындай кешенді мәселелер мамандарды, әсіресе әлеуметтік-гуманитарлық білім саласындағы ұстаз-
ғалымдарды жиі мазалауда. Оның себептері әрқалай.
Әлеуметтік-гуманитарлық білім саласы деп біртұтас сөз қолданамыз. Бірақ осы саладағы білім 
беруде салалық жіктелу басымда, жастардың білімімен санасының эволюциясына тән тұтас түсінікпен 
кешенді көзқарас жетіспеуі аңғарылуда. Жіктелу ахуалы қазіргі әлеуметтік белсенділіктің, адамның 
азаматтық және кәсіби сұранысына сай келе бермейді, пәндердің фундаменталды-әдістемелі зерттеуде 
ауқымды да нәтижелі жұмыстар баяу жүргізілуде. Бұл бағытта сандық көрсеткіштер баршылық, бірақ 
олар қазақстандық және гуманистік сұраныстарды өтей бермейді.
Десекте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдағы теория мен практикадағы сапалық, яғни қоғамдық-
кәсіби жетістіктер, жас өспірімдердің санасындағы мазмұндық жаңғыру серпіні әр қалай өрістеуде. 
Ондағы өрлеу, өсу, өнегелі талпыныстарға тиімді, кәсіби назар, жігерліде жүйелі қолданыс, 
мемлекеттік өтімді қолдау бабымен, қатар жүргізілмеуде. Қоғамдық-гуманитарлық білімде, ғылымда 
инновациялы, бәсекелі қарқын баяу. Оған ұстаздардың кәсіби-әдістемелі деңгейін көтеретін арнайы 
орталықтар мен институционалды құрылымның болмауы, жұмыстарының идеялық шашыраңқылығы 
теріс ықпал етуде. Бар орталықтар әртарапта сауатты және жауапкершілік пен өздерін таныта алмауда.
Не керек, қоғамдық-гуманитарлық білім саласында теориялық зерттеу жұмыстары әр деңгейде, 
тұжырымдамалы негізсіз немесе бағдарсыз жүргізу қалыпқа айналғандай. Теориялық, әдістемелі және 
дүниетанымдық сараптамалар заман, тәуелсіз мемлекет, ұлт талабына орай бейімделмей, жаһандық бір 
жақты стандарт тұрғысынан жеке, дара пункт бойынша «қысыммен» жүзеге асырылуда. Әр пәннің ішкі 
құрылымы аяқасты, күтпеген «толықтыруға» ұшырауда. Әлем мен қоғамтанудағы, тұлға мен 
ұлттанудағы, тіл мен өнертанудағы ағартушылық ұлттық ізденістердің іркілуі, тәлім-тәрбиелік 
жұмыстардың ұлттық жобасы мен қазақстандық жолын қалыптастыра алмаушылық күтпеген көлденең 
жайтқа ұшырауда. Не керек, кездейсоқтықтың себеп-салдарын дұрыс ескермеушілік, қазақстандық 
дамудың қоғамдық-гуманитарлық жобасын жасау жұмыстарын қиындатуда.
Гуманитарлық дәстүрде инновациялық идеяны орнықтыру үшін қосарнаны – жаңа тұжырымдамалы 
негізбен тұжырымдама энергетикасын жандандыру шарт. Әйтседе білім саласында жүзеге асатын 
қазақстандық диалог пен демеушіліктің үйлесті үлгісін байқамаппыз. Әзірге ұтымды әрекеттерденгөрі 
ұран және уәде басым. Осындай қанағатсыз күйде қоғамдық, әлеуметтік-гуманитарлық, ұлттық 
педагогикалық ғылымдардың республикамыздағы болашағы қандай болмақ? Деген сауал жауапсыз 
қалуда. Мамандардың кәсіби деңгейі мен жүйесін жетілдірудің жолдары мен жобасы қандай? Деген 
өткірде ортақ сауалнаманың ойға орала беруіде содан.
Дүние мен адам, адам және қоғам, адамзаттың тарихы мен мәдениеті туралы алуан идеялар 
бұрыннан кең, әрі қарай таралған. Енді олардың қайсы бірін популизмге айналдырмай, елге қатысты 
алуан ой-пікірлерді танымдық жүйеге, білім саласының құрамына ендіру қажетін арттыруда.
Қордаланған жаңа мұқтаждықты қанағаттандыру дегеніміз: 1) Қазақстанның дамуының ұлттық 
моделін жасау; 2) білім берудің гуманитарлық дәстүрі мен әдістемесін ойлану жүйесі негізінде 
үйлестіру; 3) мамандардың адамдық капиталы мен кәсіби ресурсын қатар толықтыру. Мұндай іргеліде 
іріктеулі терең құбылыстарды, соның ішінде Мәңгілік Ел, Рухани жаңғыру проблемаларын оқытуды 
батыстың қай теориялық ұстанымы, қолтаңбалы технологиясы арқылы жеткізе аламыз? Инновациялық 
әдістер құралығана. Қазақстандық дамуға тән принцип, ұстаным, бағдар тұтас сарапталынғанда ғана, 
ииновацияның маңыздылығы артпақ. 
Мәңгілік Ел туралы байырғы пайымдар «елдіктің» жалпы, қоғамдық құбылыстардың тарихи 
мұрасын, мәдени про образын суреттесе, бүгінгі ұрпақ түрлі елдердің қарым-қатынастар барысын 
өзінше қабылдап, әр қалай бағалауға бейім, өзіндік толғанысқа жақындамақ. Бағалау жеке талғамға да, 
қоғамдық басымдық деңгейіне де қатысты.
Әр замандағы Мәңгілік Ел туралы таным-түсініктер ежелгі көріністердің, көңілді әдіптейтін әдет-
ғұрыптардың салтына, болашақ қатынымсыз тартатын құлшыныс ағымына ұқсас. Қоғамдағы ел-
жұрттың қарым-қатынастары тұрақтанған сайын, адамдардың іс-әрекеттерінің белсенділігі мен 


141
өнімдері жүйеленді, мәңгіліктің объективті белгілері мен кезеңдері туралы алуан армандар, құнды 
идеялар, тартымды жобалар, басалқы бағдаршамдар ортақ арнада қалыптаса бастады. Мәнгіліктің 
мәнділігі үнемі толықтырылуда.
Осы тарихи-танымдық және тағлымдық маңызы зор бет бұрысты жеке пәндік, салалы білімдік 
тұрғыдан сипаттауға болар. Бірақ білімнің әр саласында терминдер түрлі мағынада, ал тәсілдері 
әрқалай қолданыс табуда. Мамандардың әлеуметтік сауаттылығы, интеллектуалды мәдени деңгейі 
бірдей еместігін ескермеуге болмайды. Одан ұғымдық түсінік, тұтас ұстаным, тұжырымдамалы негіз 
қалыптаспайды, проблеманың мәні, мәнділігі дәйекті, жүйелі ашылмайды. Жаңа идеялар арнайы 
термин, теория, ұстаным ретінде сөйлеу айналымына жаңадан енуде. Содан жаңарып жатқан түсініктер 
ұлттық идеяның, тарихи перспективаның ерекшелігін тұрлаулы қамти алмауда.
«Мәңгілік Ел» ұғымын жалпы, жалаң қарастыруға болмайды. Мәңгілік ел көп факторлы құбылыс, 
түрлі қоғамдық сыннан өткен бет алыс. Оның қуаты – халықтың тұтастыққа деген тұрақтылығында, 
елдіктің икемді құрылымында, ел азаматтарының тартыстан тайынбауында. Бұл көп факторлар тепе-
теңдік те, үйлестік те ұсталынса, онда елдегі өзгерістер жетістікке жетелейді, ал қоғамдық қозғалыстар 
елдіктің сапалық кезеңінің қалыптасуына себепкер. 
Түйін қандай? Елдің біртұтастығын белгілі бір ресурстың әлеуметтік-мәдени құнымен өлшеудің 
және белгілі бір мазмұн шындығы аясында анықтаудың дүниетанымдық маңызы артты. Егеменді 
елдегі нақты нәтижемен стратегиялық бағдар құпталса, ондан иновациялы жаңашылдық тартымды. 
Инновация білімді жетілдірудің құралы, құрамығана. Оның тұжырымдамасын тұрлаулы толықтыра, 
алмастыра алмайды. Әзірге қоғамдық-гуманитарлық білімді жетілдірудің тұжырымдамасы мен 
идеологиясы тиянақты анықталынбауда. Онсыз инновациялық тәсілдер білім мен тағлым жүйесін 
жетілдірер деген үміттен ұзамаймыз, пікірталастың ықпалынан шықпаймыз.
Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың бүгінгі әлеуетін ашу, осы саладағы республикалық 
ғалымдардың өзара ынтымақтасу деңгейін көтеру – білім жүйесінің мәнін, жас ұрпақты тәрбиелеу 
деңгейін бағалауға басты өлшем әрі ұйытқы болатынын ескерелік. Елдің саяси-әлеуметтік, рухани-
адамгершіл және нормативті өлшемдері оның болашағын өз ортамызбен мамандағымызда айқындай 
түсетінін байыпталық. Осы кәсіби ұстанымды алдымен, арнайы басшылыққа алатын кезді бастан 
кешудеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет