2 сурет – Тұрақты пунктке орнатылған лазерлі сканер, сканирлеу және планшеттегі скандарды
тексеру
Лазерлік сканермен түсірудің негізгі ерекшелігі барлық бақылау нүктелерінен жаппай түсіру
жүргізу болып табылады. Деформацияның шамасы (көлбеулікті анықтайтын вертикаль жылжу,
горизонталь жылжуды анықтайтын горизонталь ығысу) өлшеудің әр кезеңіндегі нысан модельдерінің
беттестірілуімен анықталады.
Алынған нүктелер бұлты шынайы карьерді нақты сандық баламасы ретінде бейнеленеді. Нүктелер
бұлты бойынша автоматты жоспарлау жүйесін пайдалана отырып түрлі геодезиялық тапсырмаларды
шешуге болады, яғни ірі масштабты топографиялық карталар құру, таужыныстарының көлемін
анықтау, қималар тұрғызу [3].
Карьер кемерлері қиябеттерінің орнықтылығын қамтамасыз ету және қадағалап отыру өзекті
мәселе. Бұл мәселені шешу – карьер қиябеттері жағдау массивтерінің жай-күйіне кешенді зерттеулер
жүргізу арқылы жүзеге асырылады.