48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары


 сурет – Карьердегі GPS құрылымдарының схемасы



Pdf көрінісі
бет111/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
сурет – Карьердегі GPS құрылымдарының схемасы 
 
Үшінші бағыт 
– бұл жербетіндегі ғимараттар элементтерінің деформациясын жүйелі түрде 
бақылауда қолданылады. Қазіргі таңда GPS-мониторинг қызметі отандық ірі тау-кен өндірісі 
кәсіпорындарында табысты қолданыс табуда, оған қоса геодезиялық бақылаулардағы ең жиі 
қолданылатыны лазерлік сканерлеу, оның ішінде: жерден және әуеден сканерлеуді ерекше атап өткен 
жөн. 
Жалпы зерттеулерді жүргізу үдерісінде зерттелетін аймақтағы базалық станциялармен қамтамасыз 
етуде, «тұрақты» тірек пункттерін теңестіруде қиыдықтар да пайда болады. Сол себептен де, 
геодинамикалық полигондарда және кеніштер аймағында геомеханикалық мониторинг жүргізу үшін жаңа 
технологияларды енгізу, қазіргі заманауи геодезиялық аспаптармен және бағдарламалық өнімдермен 
қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр [2].
Геодезиялық жұмыстарды жүргізген кезде тұрақты базалық станция жүйелеріне сүйенеді (2 -сурет). 


132
2 сурет – «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының тұрақты базалық стансалар 
жүйесі 
«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының Республикамыздың аумағында бірнеше 
тұрақты базалық стансалары орналастырылған[1,3]. Олар GPS немесе GNSS қабылдағыштарынан 
мәліметтер жинақтап, RTK (нақтылы уақыт) режимінде роверлерге түзетпелер енгізіп отырады 
немесе геодезиялық жұмыстар тасымалды (уақытша) базалық стансаның және тұрақты жеке 
базалық стансаның көмегімен жүргізіледі (3-сурет).
а) 

 тасылмалды және ә) – тұрақты жеке базалық станциялар 
3 сурет – Базалық стансалар 
Жүргізілген GPS–анықтауларының нәтижесінде кәсіпорындардың «Маркшейдерлік қызметі» 
координаталары жоғары дәлдікпен анықталған тірек пункттерімен (бұрынғылары және жаңадан 
салынғандары) қамтамасыз етілді[4]. 
Карьердегі геодезиялық торап және түсіріс пункттерінің орналасу сұлбасы 4-суретте және GPS 
технологиясы арқылы анықталған пункттер координаталары 1-кестеде келтірілген. 
4 сурет – Карьердегі геодезиялық торап және түсіріс пункттерінің орналасу сұлбасы 
Кесте 1 – Пункттер координаталарының тізбесі 
Пункттер 
Координаталар 


133



Тұрлыбай 
4993455,44 
323687,609 
534,698 
Қашқынбай 
4998214,44 
314456,909 
534,212 
Қызылбел 
4991708,24 
302559,769 
424,008 
Қараоба 
4985882,54 
310687,379 
399,503 
Добавочный 
4989490,34 
317564,379 
475,288 
Мұнымен, жер серіктік анықтаулар мен олардың нәтижелерін геодезия саласында қолданылу 
әдістемесін аяқталды деп есептеу дұрыс емес, өйткені техника мен аппаратуралар күннен күнге 
жетілдіріліп, олардың қолдану аясы да ұлғая түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет