Жаназарова З.Ж., Бағдатұлы М. КӘСІПКЕРЛІК УНИВЕРСИТЕТТЕР: ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛЫПТАСУЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ Аңдатпа. Ғылыми мақаладағылым мен қоғамдағы жаңа бағыт -кәсіпкерлік университеттер мен кәсіпкерлердің күшімен жүзеге асып жатқан қайырымдылық іс- шаралардың қоғамдағы маңыздылығы мен өзектілігі автордың өз ойымен айқындалған. Кәзіргі кәсіпкерлік пен оның қайырымдылықпен байланысы ғылыми мақалада көрсетілген .
Дәстүрлі университтетердің қалыптасқан ережелерінен тыс кәсіпкерлік бағыт үлкен нәтиже береді. Әртүрлі мекемелер мен тығыз байланыс ұстай отырып, үздіксіз білім мен білікті маман дайарлаудың бірден бірі жолы деп есептеймін. Қазіргі таңда қайырымдылық көрсету қайтадан жаңғырып, қайта күшею үрдісінде. Оған дәлел ретінде еліміздегі бірталай қоғамдық бірлестіктері мен кәсіпкерлердің ерең еңбегі үлкен орын алады. Нұрлан Смағұлов, Айдын Рахимбаев, Кенес Ракишев сынды ел азаматтарды, жетімдер үйлері мен талай балабақша мен мектептерді салдыруға түрткі болып, қолданысқа берген. Жауғашты Набиев, Ислам Салжанов, Әбдібек Бимендиев сынды тұлғалар білім мен ғылым саласында қайырымдылық жасайтындары белгілі. Сонымен қатар, жасаған жақсылықтарын жария етпейтін азаматтар қаншама?!