4 орындық үстелдерге
шахмат тәртібінде 2 жұмысшыдан артық отырғызбау қажет;
-
бір рет қолданылатын ыдыс пайдалану, ары қарай оны жинау және жою;
-
көп рет қолданылатын ыдысты пайдалану кезінде – ыдыстарды
65 градустан төмен емес температурада арнайы жуу машиналарында жуу немесе
әрбір пайдаланғаннан кейін жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана
отырып, сол температурада қолмен жуу.
Құрылыс материалдары жеткізілімінің ықтималды іркілісі жағдайында: -
аса қажет материалдардың, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің
толық тізімін жасақтау;
-
балама жабдықтаушылар тізімін анықтау және олармен шарт жасасу;
-
мүмкін болған жағдайда объект аумағынан қойма ретінде қызмет ететін
аймақ бөлу және құрылыс материалдарын барынша жеткізу, жұмылдырылатын
адамдар санын азайту.