Баскетбол.
Баскетбол (ағылш. basket — себет, ball — доп) – доппен
ойналатын командалық спорттық ойын. Баскетболды әрқайсысы бес
ойыншыдан тұратын екі команда ойнайды (әр командада барлығы 12
адамнан, ауыстыруға шектеу қойылмайды). Әр команданың мақсаты –
қарсыластың торлы шеңберіне (себетіне) қолмен допты лақтыру және басқа
команданың допқа иелік етулеріне және өздерінің себеттеріне лақтыруға
кедергі келтіру. Себет еденнен 3,05 м биіктікте орналасады. Жақын және
орташа қашықтықтан лақтырылған допқа екі ұпайдан, алыс қашықтықтан (3
ұпайлық сызықтың сыртынан) – үш ұпай есептеледі, айыптық лақтыру бір
ұпаймен бағаланады. Баскетбол алаңының стандартты өлшемі – ұзындығы 28
м және ені 15 м. Баскетбол әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі.
Ұйрену керек
: Тұрыс, бұрлыстар, адымдап жүру, қозғалу, допты алып
жүру, лактырулар. Техникалық және техникалық іс-әркеттерге оқыту.
Орында және қозғалыста доты (бір, екі) ұстау және лақтыру. Допты әр түрлі
нүктелерден және екі қадамнан кейін лақтыру. Командалық ойындар.
Допты ұстау және лақтыру.
Бір орында (бір, екі) алдыға қозғалғанда,
қарама-қарсы қозғалыста, кедергімен.
Допты алып жүру.
Допты (бір, екі) қадаммен, жүгірумен,
бұрылыстармен алып жүру. Допты (бір, екі) бір орында, алдыға қозғалғанда,
қарама-қарсы қозғалыста, кедергімен ұстау және лақтыру.
Допты шеңберге лақтыру.
Допты кеудесінен екі қолымен, иығынан
бір қолмен (бір орында, нүктелерден) лақтыру. Екі қадамнан кейін (оң және
сол қолмен) допты шеңберге лақтыру. Айып алаңынан лақтыру және
секіруде лақтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |