35
жаттығуларын амплитуда орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл
ауырту сезімдерін сезінгенше орындау қажет. Созылу жаттығулары
тізбегінен кейін босаңсыту жаттығулары орындалады.
Буындардың жылжымалылығын арттыру үшін күнделікті жаттығулар
жасау керек. Икемділік жаттығулары арасындағы 2-3 апта үзіліс оның
дамуына кері әсері туғызады. Икемділікті дамытудың негізгі жолы –
қайталау әдісі. Жаттығуларды рет-ретімен мойын, қол буындарына, кеуденің
омыртқа белдеулеріне, аяқ буындарына арнап орындау қажет. Икемділік
жаттығуларын қайталау мөлшері әр түрлі. Бел-жамбас буынының иілу және
жазылу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 7-10 жастағы
оқушыларда 20-30 рет, 11-14 жастағыларда 30-40 рет, 15 жастағыларда 45 рет
қайталағаннан кейін жетіледі. Одан әрі қарай амплитуда қозғалысы азаяды,
жаттығуды тоқтатқан дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: