6
Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты
бар, спортпен арнайы немесе өз бетінше айналысып жүрген адамдар
жіберіледі.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды
қалалық, аудандық, облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі бөлімі,
туризм және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес әр оқу
орнының,
кәсіпорынның
дене
тәрбиесі
мұғалімдерінен,
жаттықтырушыларынан, спорт нұсқаушыларынан құрылған төрешілер
алқасы өткізеді.
Президенттік сынамаларды республикада, облыстарда, аудандарда,
қалаларда орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт басқармалары, Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дене тәрбиесі
орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
Президенттік
сынамалар
бойынша
жарысты
ұйымдастыру
жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық
мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындары мен кәсіпорындарда -
әкімшілікке жүктелген.
Президенттік сынамалар бойынша негізгі практикалық жұмыстарды
орындау оқу орындарында дене тәрбиесі мұғалімдеріне, медициналық
қызметкерлерге, ал кәсіпорындар мен ұйымдарда спорт мамандарына, спорт
жөніндегі
нұсқаушыларға,
жаттықтырушылар
мен
медициналық
қызметкерлерге жүктелген.
Президенттік сынамаларға кіргізілген сынақтардың түрлері: 60,
100,1000, 2000, 3000 метрге, 1,5 мильге (2400 м ) жүгіру, тұрған орнынан
ұзындыққа секіру, биік белтемірге (турникке) тартылу, шалқалап жатқан
қалыптан кеудені көтеру, мылтық ату, шаңғымен жүгіру, қол добын
лақтыру.
Тағы да маңызды нормативтік негіз
Достарыңызбен бөлісу: