1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру жүйесі және мазмұны туралы түсінік
Дене шынықтыру жүйесі . Бұл ұғым дене шынықтырудың әлеуметтік
практикасындағы белгілі тарихи үлгіні бейнелейді, яғни ол өзі тәуелді нақты
қоғамдық қауым жағдайының алғашқы негіздері мен ұйымдары түрлерінің
тәртіпке келтірілген жиынтығы. Біздің еліміздің дене шынықтыру жүйесі,
дене шынықтырудың идеологиялық, ғылыми-әдістемелік негіздерінің,
сондай-ақ азаматтардың дене шынықтыруын жүзеге асыратын және
бақылайтын ұйымдар мен мекемелердің бір екендігін танытады.
Дене
шынықтыру
жүйесінің
мазмұны
қоғамның
әлеуметтік-
экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік
және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.