Толық емес отбасы –
ата-аналардың бірі ата-аналардың ажырасуына немесе олардың
біреуі туралы деректердің болмауына байланысты ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың
бірінің қайтыс болуына байланысты да болмауы мүмкін. Соңғы жылдары функционалдық
толық емес отбасы деген ұғым қолданысқа енгізілді, онда іс жүзінде баланың екі ата-анасы
да бар, бірақ кәсіби немесе басқа да себептерге байланысты олар отбасы үшін аз уақыт
қалдырады.
Аралас отбасы
толық емес отбасында өгей әке немесе өгей шеше пайда болғанда
пайда болады. Аралас отбасының құрылуымен бірге отбасында ата-ана жүйесіне сәйкес
КЕЛМЕЙТІН кіші жүйе құрылатындығын ескеру маңызды. Мұндай отбасында жиі шатасу
туындайды, сонымен бірге күтілетін нәтижеде жалған болады. Мысалы, анасы өзінің жаңа
күйеуінен балаға әкесінің орнын басады деп күтеді. Алайда, бұл жиі орындала бермейді,
себебі бала өзінің биологиялық әкесіне адалдықты сақтай отырып, өгей әкесін тыңдамайды.
Анасы өзін дәрменсіз сезініп, жүйкесі жұқарады және баладан бағынуды талап етеді. Ол
балаға қатты ұрысқан сайын, бала соғұрлым мойынсұнбайтын болады және «қатал тәрбие»
қолдануға итермелейді, осылайша анасын дәрменсіздіктен уайымдауға салады, сол кезде
анасы көмекке жүгінеді, мысалы, биологиялық әкесінен көмек сұрауы мүмкін. Мінекей
аралас отбасында осындай жаңа проблема орын алып, оны шешу үшін бұрынғы отбасы
мүшесінің көмегіне жүгініп, отбасының проблемасын шешуге үшінші тарап қосылады.
Егер аралас отбасы әрі қарай отбасы статусын сақтап қалатын болса, онда уақыт өте
келе ерлі-зайыптылардың ортақ баласы болады. Мұндай отбасы
Достарыңызбен бөлісу: |