17
қатысты); өгей әкелері мен өгей шешелері; ата-анасының бұрынғы және кейінгі некелерінде
туған балалар (яғни жартылай қандас бауырлары мен апа-қарындастары).
Үлкен отбасы – бір жерде тұратын және патриарх немесе матриарх фигурасы
басқаратын әр түрлі ұрпақтың қандас туысқандарының тобын құрайды.
Аграрлық қоғамда
мұндай отбасының түрі жерге, малға, өндіріс құралдарына ортақ меншікке ие болды. Қазіргі
заманғы қалалық мәдениет үшін қазіргі уақытта
«көпұрпақты
отбасы»
термині
қолданылады – бұл ортақ тұрмыс, шаруашылық және жекеменшік
пәтермен біріктірілген,
«бір шатырдың астында» өмір сүретін 3-4 ұрпақтың туыстарын қамтитын отбасы.
Отбасы-аула
да өткен аграрлық қоғамдарға тән. Бұл жағдайда бір жерде тұратын
отбасы бірнеше ұрпақты біріктіреді.
Бұдан басқа, отбасы мүшелері болып қандас
туыстықпен байланысты емес адамдар (малайлар, жалдамалы қызметкерлер) саналды, және
олар жиынтықта әлеуметтік және экономикалық қоғамдастық құрады. Бүгінгі күні «отбасы-
аула» тарихи атауы теориялық психологияда да, практикалық қызметте де іс жүзінде
пайдаланылмайды.Қазіргі уақыттағы адамдардың өмір сүру ерекшеліктері, жұмысбастылық
секілді түрлі факторлардың әсер етуінен бұл ұғым қайтадан қолданысқа енді.
Достарыңызбен бөлісу: