Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет18/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

 
Отбасы құрылымы. 
Нуклеарлық отбасы 
бір ересек адамнан (бойдақ немесе жесір), әлі баласыз/балалы 
ерлі-зайыптылар жұбынан, ата-аналар мен балалардан құралуы мүмкін, яғни кез келген 
жағдайда екі ұрпақтан артық емес біріктіре алады.
 
Кеңейтілген отбасы 
мыналарды қамтиды: нуклеарлық отбасы; екі тараптан да 
әжелер мен аталар (балаларға қатысты); немере ағалары мен апа-сіңлілері (балаларға 


17 
қатысты); өгей әкелері мен өгей шешелері; ата-анасының бұрынғы және кейінгі некелерінде 
туған балалар (яғни жартылай қандас бауырлары мен апа-қарындастары). 
Үлкен отбасы – бір жерде тұратын және патриарх немесе матриарх фигурасы 
басқаратын әр түрлі ұрпақтың қандас туысқандарының тобын құрайды. Аграрлық қоғамда 
мұндай отбасының түрі жерге, малға, өндіріс құралдарына ортақ меншікке ие болды. Қазіргі 
заманғы қалалық мәдениет үшін қазіргі уақытта 
«көпұрпақты 
отбасы» термині 
қолданылады – бұл ортақ тұрмыс, шаруашылық және жекеменшік пәтермен біріктірілген
«бір шатырдың астында» өмір сүретін 3-4 ұрпақтың туыстарын қамтитын отбасы. 
Отбасы-аула 
да өткен аграрлық қоғамдарға тән. Бұл жағдайда бір жерде тұратын 
отбасы бірнеше ұрпақты біріктіреді. Бұдан басқа, отбасы мүшелері болып қандас 
туыстықпен байланысты емес адамдар (малайлар, жалдамалы қызметкерлер) саналды, және 
олар жиынтықта әлеуметтік және экономикалық қоғамдастық құрады. Бүгінгі күні «отбасы-
аула» тарихи атауы теориялық психологияда да, практикалық қызметте де іс жүзінде 
пайдаланылмайды.Қазіргі уақыттағы адамдардың өмір сүру ерекшеліктері, жұмысбастылық 
секілді түрлі факторлардың әсер етуінен бұл ұғым қайтадан қолданысқа енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет