16
қажеттігіне алып келді. Ерлер мен әйелдердің кәсіби және отбасылық рөлдері арасында жаңа
қайшылықтар пайда болды.
Барлық өркениетті әлемде отбасының ең көп тараған түрі бір некелік жұптан тұратын
нуклеарлық отбасы болды. Соңғы онжылдықта отбасының орташа мөлшері күрт қысқарды.
Жаппай отбасы аз балалы болды (Отбасы трансформациясы).
ХХІ ғасырдың басында отбасының дамуындағы жаңа тенденциялар байқалуда:
-
неке қию және бұзу еркіндігі;
-
некеге тұру жасының кешеуілдеуі;
-
«азаматтық некелердің» басымдылығы;
-
бірінші баланың кеш тууы және балалар санының төмендеуі;
-
некесіз туған балалар сананың едәуір өсуі;
-
мұсылмандық дәстүрге, діни наным сенімге негізделген некелер санының артуы;
-
некеде әйелдер мен ерлердің тең құқықтығына ұмтылыстың орын алуы;
-
баласыз отбасылардың көбеюі;
-
жас отбасылардың әке-шешесінен, басқадай өздерінен үлкен аға буыннан бөлек тұруға,
олардың қамқорлығынан тыс өмір сүруге ұмтылуы;
-
біржынысты одақтарға төзу/төзбеу туралы көпшілік алдындағы, қоғам алдындағы ашық
пікірталастың пайда болуы;
-
проблемалы отбасылардың кейбір нұсқалары туралы көпшілік пікірталастың пайда болуы
(үйдегі зорлық-зомбылық, әлеуметтік жетімдік, суицидтік мінез-құлық т.б.));
-
есі ауысқан балалары бар отбасыларға қатысты психофобия мен стигматизация дәстүрі
бұрынғысынша күшінде болуы;
Достарыңызбен бөлісу: