Отбасының психологиялық түрлері:
Дәстүрлі отбасы –
үлкендердің беделі, жоғарыдан төменге педагогикалық әсер ету,
негізгі талап – бағыну. Бұндай отбасындағы балалар дәстүрлі нормаларды оңай меңгереді,
қарым-қатынаста көбінесе икемсіз, тиісті түсініктерді негізге ала отырып әрекет етеді.
Балаға шоғырландырылған отбасы -
ата-аналардың басты міндеті – баланың
бақытын қамтамасыз ету. Отбасы тек бала үшін ғана өмір сүреді. Төменнен жоғары
педагогикалық әсер ету. Ата-аналар мен балалардың симбиозы байқалады. Балада жоғары
өзін-өзі бағалау (әрдайым нақты жетістіктерге сәйкес емес), өзіндік маңыздылығын сезіну,
отбасынан тыс әлеуметтік ортамен қақтығыстың жоғары ықтималдығы қалыптасады.
Әлеуметтік бейімделудің, атап айтқанда, баланың мектепке бейімделуінде қиындықтар көп
кездесетіндігін айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |