қаржылық шығындар (ажырасқаннан кейін ана мен баланың табысы жалпы
алғанда шамамен 50%-ға, ал бір адамға шаққанда 20%-ға төмендейді, ал ерлерде керісінше,
жалпы табыстың төмендеуі байқалады, бірақ бір адамға шаққандағы табыс 50-90%-ға
артады.) (Уалкенова Д.Х. ).
Психологиялық сұраныс Психологиялық кеңес беруде кеңес алушының негізгі тілегін, психологиялық
кеңестен күтетін ойын білу аса маңызды. Бұл кеңес беру процесінде психологиялық сұраныс
деп аталады.
Психологиялық сұраныс , тілек білдіру – бұл кеңес алушының психологиялық
кеңес беруден күтетін көмек түрін нақтылауы. Психологиялық сұранысқа кең ауқымда
анықтама беретін болсақ, бұл – психологиялық кеңес беру барысында кеңес алушының
өмірлік жағдайы және қолайсыздықтарға шағымдану арқылы өзіне қандай көмек керек
екендігі туралы өтініші. Яғни психологиялық кеңеске жүгінуші өз өмірінің белгілі бір
аспектісін және бастан кешіп жатқан қиындықтарын шешудегі өз дәрменсіздігін мойындауы,
кеңес алушының нақты проблемасына, оның пайда болу себептеріне байланысты, сондай-ақ
психолог маманның рөліне, психологиялық немесе психотерапевтік көмектің мақсаттарына,
әдістері мен ұзақтығына қатысты күтетін үміттері мен қорқыныштары туралы өз түсініктерін
білдіруі. Психологиялық кеңес беруде психологиялық сұраныстың бірнеше түрлерін
19
қарастырамыз. Олар бастапқы сұраныс, психологиялық көмек немесе қолдау көрсетуге
бағытталған сұраныс, сындарлы емес сұраныс, шынайы сұраныс.