20
мәселенің, тақырыптың немесе жеке мақсаттың тұжырымдалуы, нақтырақ айтқанда,
психолог маманның кәсіби ұстанымымен келісілетін, кеңес алушы үшін өзекті мәселе.
Сұранысты тұжырымдау және оны қайта тұжырымдау – бұл психологиялық кеңес
беру фокусын анықтау мақсатында күнделікті қажеттіліктерді, талпыныстарды, кеңес
алушыны дамыту мақсаттарын бірлесіп айқындау процесі, яғни ағымдағы жұмыс сұранысы
немесе шынайы сұраныс. Бұл ретте кеңес беруші психолог маман кеңес алушы анық
түсінетін проблемалармен де жұмыс істей алады, сондай-ақ кеңес алушының өзі әлі толық
түйсінбеген, қиын деп танылған проблемалармен де жұмыс істей алады немесе тіпті кеңес
алушыда орын алған проблемалардың байқалмайтын себептерін де көрсетеді. Басқаша
айтқанда, сұранысты тұжырымдау/қайта тұжырымдау процесі «саналы-түпсаналы-
бейсаналы» деңгейлерді қамтиды, психолог маман да кеңес алушыда туындаған
проблемалардың қиындық дәрежесін анықтайды, олардың бірлескен жұмысының бағыты
қандай болатынын өзара бірлесе отырып шешеді. Осылайша жұмыс бағытына негіз болатын
шынайы сұранысты қалыптастыру психологиялық кеңес берудің бастапқы кезеңінің міндеті
ғана емес, сонымен қатар психологиялық кеңес берудің барлық кезеңін қамтамасыз ететін
процесс болуы мүмкін (Ягнюк К.В., 2017.).
Психологиялық сұраныс психологиялық кеңес беру бағыты мен мақсатын, күтілетін
нәтижесін нақтылауға негіз болып табылады.
Балалармен және ата-аналармен жұмыс жүргізетін психолог маманның міндеті –
баланың мүддесін ең басты орынға қоя отырып, кеңес алушының сұраныстарына мұқият
назар аудару болып табылады. Егер психолог диагностикалық кезеңде ата-ананың мінез-
құлық ерекшелігінің ең ауыр және сирек кездесетін түрінен кеңінен таралған түріне дейінгі
белгілерін анықтаса, оның жұмысы анағұрлым тиімді болады. Сол себепті психолог кейбір
психологиялық белгілерді тани білуі керек.
1.
Жан күйзелісінің белгілері
:
а)
адамда қисынсыз ойлардың, сандырақ идеялардың, галлюцинация белгілерінің
көрінісі, ойын жеткізуде жаңсақ, шатастырып, жүйесіз баяндауы;
б)
психолог маманның сұрақтарына, жауаптарына, сөздеріне назар аудармай,
жалпы басқаны тыңдауға құлықсыздық таныту белгілерінің болуы;
в)
өзі тұжырымдаған диагнозға эмоционалдық және мінез-құлықтық
дәлелдемелерінің болмауы;
г)
кеңес алушы тұжырымдап айтқан проблемалардың айрықша психологиялық
сипаты;
д)
кеңес алушы сұранысының ақиқат болмауы /жалғандығы.
2.
Достарыңызбен бөлісу: