Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Бастапқы сұраныс –
бұл кеңес алушының өз шағымдары мен жеке талпыныстарын
бастапқы білдіру сәті, бұл психологиялық немесе психотерапевтік көмекке жүгінуіне негіз
болған және осы психологиялық немесе психотерапевтік көмектен күтетін мақсатына,
әдістері мен ұзақтығына байланысты өмірлік қиындықтарды және оның белгілерінің
себептерін түсіндіруі.
Психологиялық көмек немесе қолдау көрсетуге бағытталған жұмыс бағытын
меңзейтін
жұмыс сұранысы –
бұл басты немесе бірінші кезектегі проблеманы немесе жеке
мақсатты тұжырымдау, ол тек кеңес алушы үшін маңызды болып қана қоймай, психолог
маманның кәсіби ұстанымымен жеткілікті дәрежеде сәйкес келеді; жұмыс сұранысын
анықтау психологиялық көмек көрсетуді мақсатты, әдістерді және бірлескен коррекциялық
немесе терапевтік жұмыстың ұзақтығын талқылауды білдіреді. Бұл психологиялық көмек
көрсету және кеңес беру процесін қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады
және психолог маман мен кеңес алушы арасында келісімшарт жасау үшін негіз болып
табылады.