Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет28/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Әлеуметтік одақтастар іздеу белгілері


басқа бір тұлғаларға субъективті түрде қатысты шағымдардың көп болуы; 

кеңес алушының проблемасы: олардың мінез-құлқын заңға, моральға, әділдікке 
сәйкестікке келтіру; 

сұраныс: үшінші бір адамға әсер етуге көмектесіңіз, қалай мәжбүрлеуге болады және 
т.б. (мысалы, сынып жетекші психологке А. есімді баланың ата-анасына ықпал етуге, А. 
есімді баланың бір сыныптан басқа сыныпқа ауысып кетуіне және т.б. осы сияқты 
әрекеттерді жасауына сұраныс білдіруі); 
-
кеңес алушының шағымданушы субъектіге деген қарым-қатынасы: жағымсыз, 
көбіне теріс көзқараста болуы;
-
кеңес алушының кеңес берушіге деген қарым-қатынас ерекшелігінің белгісі: 
кеңесшіні уақытша өз пайдасына пайдалану мақсатындағы қарым-қатынас. 
3. 
Балалық сәтсіздік пен ата-ана мазасыздығының белгілері


балаға шағымдану; 

фаталистік өзіндік диагноз (өзіне көңілі толмай, түңілу, мысалы, тағдыр солай болды 
деген сылтаумен өзіне аяныш сезімін шақыру); 

көмектесуді қалайтындығын, бірақ күші жетпейтіндігін айтуы; 


21 

балаға көмектесуге өтініш білдіру; 

балаға жаны ашығансып, бірақ пессимистік қатынаста болу; 

кеңес беру маманға іскерлік қарым-қатынас жасайды; 

аса маңызды тұжырымдары болмағанымен, баладағы ауытқуларды асырып әсірелеп 
көрсету.
4. 
Жақсы көрмейтін ата-ана белгілері

-
ата-ана тарапынан айтылатын шағымдар ата-ана мазасыздығының белгілеріне 
ұқсайды; 

айтылатын шағым баланың мінез-құлқының әдептілік нормаларына сәйкес 
келмейтіні тұрғысынан объективті болуы; 

өзіне қойылған диагноз: «қатал мәжбүрлеу», «аномалия», «генетикалық 
бағдарламалау»; 
-
балаға жек көру, жирену тұрғысынан қарым-қатынас жасау;
-
кеңес берушіге қатынасы – қатаң (ригидті); 
-
сұраныс: қайта бағыттауға, қайта құруға, түзетуге көмектесіңіз. 
5. 
Өзіне сенімсіз ата-ана синдромы


балаға шағымдану; 

баланың идеалға сәйкес болмауы; 

өзіне қойылған диагноз: қате әрекет ету, әлсіздік; 

проблема: ... қалай болғанын, ... қайдан білмеймін

сұраныс: өз ұстанымын нақтылауға және эмоционалдық қолдау көрсету арқылы 
көмектесу туралы тілек; 

балаға қатынасы: балаға қарым-қатынасынан мейірімділікті байқауға болады, бірақ 
бұл жеткілікті дәрежеде емес;

кеңес берушіге қарым-қатынасы барабар. 
6. 
Тұлғалық сәтсіздік синдромы


өзінің уайымдарына және жағдайына шағымдану, жағдайға сәйкес емес эмоциялар, 
қате іс-әрекеттер (невроз жағдайына ұқсайды) (Овчарова Р.В., 1996). 
Әдетте проблема мен сұраныс мағынасы жағынан байланысты болады. Мысалы, егер 
кеңес алушы проблеманы: «Білмеймін, үйренгім келеді» деп тұжырымдаса, онда сұраныс 
«үйретіңіз» болуы мүмкін. Алайда сұраныс сол проблеманың өзінде болуы да мүмкін. 
Осыған қатысты С.В. Фролова психологиялық сұраныстың келесі түрлерін көрсетеді: 
1) Эмоционалдық және моралдық қолдау көрсету туралы сұраныс («Менікі дұрыс, 
солай емес пе?», «Мен жақсы адаммын, рас па?», «Менің шешімім дұрыс, солай емес пе?»). 
2) Талдауға көмектесу туралы сұраныс («Мен бұл жағдайды дұрыс түсінгеніме 
сенімсізбін, менің түсінуіме көмектесесіз бе?»). 
3) Ақпарат туралы сұраныс («Бұл туралы не белгілі?»).
4) Дағдыларды үйрету туралы сұраныс («Бұл менің қолымнан келмейді, маған 
үйретіңізші») және т.б. (Фролова С.В., 2015. ). 
Психологтен кеңес алушылардың түрлі мінез-құлық белгілерінің реакциясы 
сараланған болуы тиіс. Бір жағдайларда ол кеңес алушыны медициналық мекемеге жіберуге 
мәжбүр болады; екінші жағдайда – қысқа, ықшам формада психологиялық сипаттағы 
түсініктеме береді; үшінші жағдайда – балалар-ата-аналар қарым-қатынасына қосымша 
диагностика жүргізеді және ата-аналарды психотерапиялық көмек алу үшін психотерапевт 
маманға жолдайды; төртінші жағдайда ол баланы диагностикалауда сақ болуы керек, ал ата-
аналарды ата-аналар тобына қосу қажет. Өзіне сенімсіз ата-ана белгілері бар (5) ата-
аналардың психодиагностикасы мен терапиясы көрсетіледі, ал әкелер мен аналардың жеке 
басының сәтсіздіктері болған жағдайда (6), олардың тұлғалық өсуіне бағытталған жұмыс 
түрлері, дербес терапия қажет болуы мүмкін.
Отбасы мен отбасылық тәрбиенің психодиагностикасы жалаң мақсат емес, ата-
аналарға мақсатты түрде дербес көмек көрсету үшін негіз болып табылады, сондықтан 
психологтен ойластырылған зерттеу тәсілін талап етеді. Жинақталған деректерді уақыт өте 


22 
келе жүйелеп реттеп отырған тиімді болады. Жыл сайын ата-аналардың негізгі 
проблемаларын көрсете отырып, алынған деректерге жалпы талдау жүргізіп отыру пайдалы 
болар еді. Ақпаратты сақтау жүйесін де ойластырған жөн: магнитофон жазбалары, 
карточкалар, кестелер және т.б. кез келген диагностикалық ақпарат ойлануға және 
практикалық іс-әрекетке түрткі болады (Овчарова Р.В., 1996.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет