26
жануарлардан кейін, ал неғұрлым жоғары рухани негізі бар тіршілік иелері – вегетативтік
өмірі дамығандардан кейін жүрген».
Адамның тегі «табиғи жолмен», яғни кездейсоқ өзгерістер мен табиғи іріктеу процесі
арқылы маймылдан жаратылуы мүмкін екендігін қарастыра отырып, ол бұл жорамалды
ғылыми дәрменсіздігіне байланысты жоққа шығарған.
К.Э. фон Бэр: «Табиғаттың бүкіл тарихы тек рухтың материядан үстем шыққан жеңісін
алға жетелейтін тарих болып табылады» деген қорытындыға келген.
К.Э. фон Бэр бұл идеяны «жаратылыстың негізгі идеясы» және барлық даму процесінде
пайда болатын табиғаттың жалпыға ортақ заңы деп санады. К.Э. фон Бэр бұл заңға мынадай
түсініктеме береді: «Барлық жерде, жаратылыстану бөлшектерді қарастырудан жоғары
тұратын болғанда осы негізгі идеяға әкеледі. Ғылым, керісінше, материализмге алып келуі
керек деп қалай ойлауға болады (шын мәнінде, көбіне осылай болады)? Әрине, материя
жаратылыстану алға ілгерілейтін, бірақ оны тек тірек ретінде пайдаланатын бастама, негіз
болып табылады».
Материяның мәнін қозғалыс анықтайды. Тірі ағзаларда олардың психикалық
құбылыстарына негіз болатын қозғалыс өмір рухымен, Жоғары санамен аяқталатын рухтың
қуатымен анықталады. Бұл энергия табиғатта да өмірдің қайнар көзі болып табылады; онда
қозғалыс бар болғандықтан, табиғатта өлі ештеңе жоқ, бұл қазіргі ғылымда ашылған
органикалық және бейорганикалық табиғат арасындағы генетикалық байланысты растайды.
«Бізге өлі болып көрінген нәрсе, мысалы, тас сияқты жансыз нәрсе, шын мәнінде,
мәңгілік қозғалыста» дейді XX ғасырдың ең ірі физигі, Нобель сыйлығының лауреаты М.
Борн. Рухани энергияға барлық бейорганикалық табиғат, тұтас әлем кіреді. Бірақ дамудың
жоғары нысандарында ғана бұл энергия өзін-өзі еркін танытушы рухтың мәніне дейін
көтеріледі.
Қазіргі психологияда әлемнің рухани негізіне қатысты мәселелер белсенді талқылануда.
Әлемнің рухани негізін және әлемнің жүйелілігін мойындау адам психикасы мен адам
болмысының феноменін тану мүмкіндігін кеңейтеді. Мұндай тану ми қабығының қызметі
ойлаумен шектелмейтіні және онымен аяқталмайтыны (В.Ф. Войно-Ясенецкий, «Рух, жан
және дене»), ұжымдық бейсаналық жеке тәжірибесінде пайда болмайтын психикалық
материалды қамтитыны (К.Г.Юнг, «Бейсаналық психологиясы»), адамның рухани саласы
Жер мен ғарыш энергиясында ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі рухани салада да
ашық екендігі (В.Д. Шадриков, «Рухани қабілеттер») туралы жаңа ұғымдарға алып келеді.
Бұл психосфераның жер мен жоғары деңгейдегі рухани саланың бірлігі екендігі туралы
болжам айтуға мүмкіндік береді.
Әрине, білім алушылар психикасының табиғаты туралы қазіргі заманғы практикалық
тәсілдер мен тұжырымдамаларды бір дәріс барысында толық қамту мүмкін емес. Дегенмен
бүгінгі дәрісімізде негізгі мәселелерге шолу жасадық деген ойдамыз. Сабағымызды түйіндей
келе, А.А. Крыловтың редакциялауымен шыққан «Психология» оқулығында атап
көрсетілгендей, психиканың табиғаты аса күрделі екендігі жөнінде ой тұжырымдауға
болады. Ол өмірдің мәнімен және жан өлімінің мәңгілік проблемаларымен тікелей
байланысты. Бұл мәселе жақын болашақтағы психологияның негізгі мәселелерінің бірі –
психика табиғаты ретінде әлі де өзектілігін жоймайтын мәселе болып қала береді..
Достарыңызбен бөлісу: