Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет11/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Есеп айырысу шоты первички
Цифрлық әлеуметтендіру. 
Бала дамуының әлеуметтік жағдайының жаңа 
ерекшеліктері әлеуметтену процестеріне көзқарастың өзгеруін талап етеді. Бұл тұрғыда 
У.Бронфенбреннердің экологиялық жүйелерінің белгілі тұжырымдамасын кеңейту әбден 
негізделген болып табылады, онда ол Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функциялардың 
әлеуметтік пайда болуы және дамудың әлеуметтік жағдайы туралы тезистеріне сүйене 
отырып дамытқан. Оның өзара байланысты бес және бір-біріне кіріктірілген кіші жүйелерден 
тұратын күрделі динамикалық жүйесіне — «ана-бала» диадасынан уақытша перспективада 
қаралатын социоэкономикалық факторлардың (микрожүйелер, мезожүйелер, экожүйелер, 
макрожүйелер және хроножүйелер) жиынтығына дейін қарастырылады, осы аталған 
жиынтыққа қосымша Ж.Джонсон және П. Паблампу тағы бір экологиялық деңгей – 
техножүйені қосуды ұсынды. Авторлардың пікірінше, техножүйе микрожүйені, тиісінше
барлық басқа жүйелерді ығыстырып, осы моделде бірінші деңгейге ие болуы тиіс. 
Техножүйе 
баланың жанды (мысалы, құрдастары), сондай-ақ жансыз (электрондық 
құрылғылар, бағдарламалар, қосымшалар, ғаламтор, жасанды зият) элементтермен өзара 
әрекеттестігін қамтиды. Анықтау бойынша әр түрлі құралдар адамның мүмкіндіктерін 
кеңейтетінін ескеретін болсақ, баланың неғұрлым күрделі құралдарды, мысалы интернетті 
(оның іздестіру жүйелерімен, электрондық каталогтармен және әлеуметтік желілермен) 
пайдалануы, неғұрлым күрделі когнитивтік процестердің дамуын, демек, оның барлық 
жүйелері мен қиылыстарында қоршаған ортамен өзара іс-қимыл жасау үшін күрделі адамды 
талап етуі мүмкін. 
Әлеуметтену 
тәрбиелеуге қарағанда – бұл әртүрлі бағыттағы стихиялық процесс [5]. 
Ақпараттық қоғамда бұл стихия қазіргі заманғы мәдениеттің маңызды бөлігі және 
қалыптасатын тұлғаның экожүйесінің бір бөлігі болып табылатын техножүйеге негізделген. 
Техножүйені бала мен қоршаған әлем арасындағы маңызды жанама буын ретінде қарастыру 
одан әрі зерттеулер мен эмпирикалық растауды талап етеді. Оның ішінде техножүйенің басқа 
жүйелерге әсер етуі, атап айтқанда, субъектінің онлайн-қызметті уайымдау ерекшелігінде 
және барлық алты кіші жүйенің бала дамуына және оның әлеуметтену процестеріне кешенді 
өзара ықпал етуінде көрініс табады. 
Отандық психологтер әлеуметтендіруді баланың онтогенезде әлеуметтік ортаға, 
әлеуметтік байланыс жүйесіне енуді және өз кезегінде индивидтің белсенді қызметі есебінен 
әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесін белсенді қалпына келтіру үшін 
барынша дербестік пен автономдық алу жолымен қоғамдық тәжірибені меңгеру ретінде 
қарастырады. [1; 2]. 
Бүгінгі жасөспірімдер электрондық құрылғылармен қаруланып, іс жүзінде жаңа өмір 
салтын өз бетінше меңгеруде. Олардың басым бөлігі аралас офлайн/онлайн-шындық 
әлемінде, компьютерлік ойындардың виртуалды әлемдерінде, жасанды зият элементтері бар 
қосымша шындық әлемінде және компьютерлік («қоршаған») ақылмен өмір сүреді, онымен 
диалог онлайн-коммуникация нормаларының бірі болып табылады. 
Бұл ұрпақтың ерекше бірегейлігі, әлеуметтендірудің дәстүрлі формасын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет